ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Мемлекеттік наградалар берілді

20:09, 15 желтоқсан 2017

Биылғы жылы өңірдің өнеркәсіп-кәсіпорымен өндірілген өнім көлемі 330 млрд теңгеден  асып, жоспар 101,6 пайызға орындалып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында соңғы екі жылдың көлемінде 1 млн. 230 мың тонна астық жиналған. Бұл Жамбыл облысының ел тәуелсіздігін алған кезеңдегі соңғы жылдардағы көрсеткіштің бір парасы ғана. Бұл ретте ел экономикасының өсуіне сүбелі үлес қосып отырған азаматтардың еңбегі ерен. Мерейлі мереке қарсаңында, оларға мемлекеттік наградалар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Қазіргі таңда облыстың барлық саласында ілгерілеушілік, алға жылжу бар. Өндірісіміз көш ілгері дамып, экономикамыз қарыштап, халықтың әл-ауқаты арта түскен. 3 жылда «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына 10 млрд теңге қаржы бөлініп, 19 үй бой көтеріп, 1700 ге жуық отбасы баспаналы болды. Мұның бәрі, Тәуелсіздігіміздің нақты жемісі, елдігіміздің айқын көрінісі.  Ел тарихында егемен ел  атануымен құнды, қадірлі әрі қасиетті осы ұлық мереке қарсаңында жылдағы дәстүрге сай облыста түрлі саланың тізгінін ұстаған бірқатар азаматтардың еңбегі еленді. Жамбыл облысының экономикасының дамуына, әлеуметтік жобалардың іске асырылуына сүбелі үлес қосып, еліміздің гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген олар ҚР Президентінің мемлекеттік наградаларымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚР Президентінің «Ерен Еңбегі» үшін медалімен 17, «Шапағат» медалімен 3 және Құрмет грамотасымен 9 адам наградталды. Және «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы 5 азаматқа табысталды. Олардың қатарынан кез келген кәсіп иесін кездестіре аласыз. Өндіріс, өнеркәсіп, құрылыс, білім, денсаулық, спорт және басқа да сала мамандары қамтылған. Оның ішінде, әнші де, тілші де бар.

Ғани Мәтебаев, әнші

Тәуелсіздік қарсаңында ҚР президенті атынан алып жатқан бұл 2 ші марапатым менің. Өте қуаныштымын. Бүкіл Қазақстан халқын, оның ішінде Жамбыл облысының халқын бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде тек тыныштық болсын деген тілек білдіргім келеді

Келелі кездесу, жылы жүздесу мұнан ары «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен салтанатты жиында жалғасты. Жиылған жұртшылық мұнда мемлекеттілігіміздің басты нышандары аспан түстес туымызға тік тұрып құрмет көрсетті, әнұранымызды қосыла шырқады.

Өңір басшысы өз сөзінде тәуелсіздік жылдарындағы еліміз қол жеткізген жетістіктерді айтып, туған өлкеміздің табыстарын тізбектеді. Бостандыққа ұмтылған ата-бабаның ерлігі мен өрлігін, қазақ халқының қайсарлығын, осы өр мінезді ұлттың ерлігінің арқасында қол жеткізген тәуелсіздіктің ел тарихындағы бағасын да айтуды ұмытқан жоқ.

Әлбетте, ел экономикасының өркендеп, әл-ауқатының артуында жекелеген азаматтардың да еселі еңбегі бар екендігін ешкім жоққа шығармайды. Бүгінгі мереке қарсаңында олардың да мәртебесі артып, Елбасының марапатын алу бақыты бұйырды. Аймақ басшысы оларға «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерін салтанатты түрде табыстады.

Мемлекеттік награда бүгінгі марапат иелерін зор қуанышқа бөледі. Елбасының атынан келген бұл құрмет – біздің алдағы ісімізге үлкен жауапкершілік жүктейді - дейді олар. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын облыс көркемөнерпаздарының концертімен түйінделді.

Аягөз Тілеуханқызы, Қымбат Қаржауқызы, Асқар Әділ, Өміртай Ыбыраев, Руслан Бегалы,  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар