ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

18:25, 4 маусым 2019

Бүгінгі күн –қазақ даласының тарих беттерінде өзіндік орны бар- ерекше күн. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіміздің темірқазығы саналатын Мемлекеттік Рәміздер күні бүкіл қазақ даласында аталып өтілуде. Айтулы дата аудандарда да аталып өтті.

Әрбір қазақстандықтың елдік пен еркіндіктің нышандарына деген сүйіспеншілгі –Отанына деген құрметтің белгісі.  Жамбыл ауданында орталық алаңда ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай, мерекелік шара ұйымдастырылды.  Әнұранмен  бастау алған шарада, патриоттық әндер шырқалып, жас ақындар өлең - жырларын арнады. Халықтың еліне деген ниет пейілін айғақтайтын рәміздеріміздің айбыны асқақтай беретіні сөзсіз.Мемлекеттік саясатты іске асырудағы ізгілікті істердің төрінде тұратын Туымыз бен Елтаңбамыз, оған қосыла шырқалатын Әнұранымыз ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса бермек.

Мемлекеттік Рәміздер күнін Байзақ жұртшылығы да кеңінен атап өтті. Рәміздерді ұлықтауға арналған іс – шара  көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамызды салтанатты түрде сахнаға шығарумен ашылды. Жиында сөз алған аудан басшысы  бұл мерекенің маңыздылығына тоқталды.  Рәміздер – ұлт тұтастығының ерекше бедел-бедері, тәуелсіздігіміздің басты құжаты екендігін айтып,  жұртшылықты мерекемен құттықтады.Ұлттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік ән боп шырқалды.

 

Шу аудандық орталық мәдениет үйінде де Мемлекеттік   Рәміздер күніне тарналған мерекелік жиын өтті. Әскерилер Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңбаны салтанатпен ортаға алып шығып, еліміздің Гимні шырқалды. Аудан әкімі жұртшылықты мерекелерімен  құттықтап, Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтуда игілікті істері мен тәуелсіз Қазақстан құру жолында сіңірген еселі еңбек еткен ел азаматтарын  аудан әкімінің «Құрмет грамотасы»  «Алғыс хаттарын» мен марапаттады.  Мерекелік шара соңы  Шу аудандық мәдениет қызметкерлерінің мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

А. Тілеуханқызы, Іңкәр Сүлеймен, Еламан Керімбаев , Ж. Төлеуұлы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар