ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК -ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ӘЛЕУЕТІ

19:23, 6 маусым 2019

Жамбыл облысында мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің әлеуеті жыл санап артып келеді. Мәселен, үстіміздегі жылдың басынан бері аймақта 1,6 млрд теңгеден астам қаржатқа келісім – шарттар жасалған. Бұл туралы бүгін өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова бірнеше саладағы жетістіктерге тоқталды. Жыл басынан бері өңірде  мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізде 30 жоба іске асқан. Мұның басым бөлігі денсаулық сақтау саласына тиесілі. Сондай-ақ, бюджеттік саладағы оң өзгерістерге индустриялды- иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлестерін қосып жатқаны айтылды. Бұдан бөлек, Жамбыл облысында жыл соңына дейін жекеменшік әріптестік арқылы құны 8,9 млрд теңге болатын 23 жоба жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Гүлдана ЖАУЫНБЕКОВА – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар