ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

14:57, 3 маусым 2019

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Салт-дәстүрге берік, бірлік пен татулықты ұлықтаған өңірдің жарасымды отбасылары марапатталды.

Биыл бұл байқау 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Яғни, 2014 жылдан бері  өткізіліп келеді. Отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған байқаудың мәні мен мағынасы жыл санап  артуда.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Отбасының бірлігі, жетістіктері мен ерекшеліктері сыналған додада Тұрар Рысқұлов ауданынан Әлілер отбасы республикалық байқауға жолдама алды. Әулеттің отағасы Бекқұлы Әлі 45 жыл ұстаздық етіп, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Жұбайы Тұрсынкүл Жазыбайқызы денсаулық саласында 25 жыл еңбек еткен. Бүгінде 5 ұл, 3 қыз, 28 немере, 4 шөбере сүйіп, бейнетінің зейнетін көруде.

Бекқұлы ӘЛІ - «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Байқауда бақ сынаған өзге де жанұялар әр түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Енді бұл отбасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық сайыста  өңір намысын қорғайтын болады.

К.Шәмші, Тоқтар Терлікбаев ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар