ШҰҒЫЛ! АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСЫМ БАҒЫТ Толығырақ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ- ЕЛ ТҰТҚАСЫ

18:47, 15 мамыр 2019

Бүгін «Мерейлі отбасы-2019» ұлттық байқауының  қалалық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Ұлттық байқауға қатысқан  жарасымды отбасылар мен ізгілікке толы әулеттер марапатталды.

Елімізде бұл байқау 2014 жылдан бері  өткізіліп келеді. Отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған байқаудың мәні мен мағынасы жыл санап  артуда. Қалалық іріктеуде арнайы комиссияның саралауынан кейін 5 отбасы  биік тұғырдан көрініп, облыстық байқауға жолдама алды.
Кенжебек Олжабай - Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Облыстық кезеңге өткен отбасылардың бірі - Тараздық Зәуірбековтер жанұясы. Саракүл Зәуірбекова 20 жылдай зауытта жұмыс істеген. Бұл отбасы 11 ұл мен қызды  үкілеп өсіріп, 31 немере мен 6 шөбере сүйіп отыр. Бүгінде сол бейнетінің зейнетін көруде.

Саракүл Зәуірбекова – Байқау жеңімпазы

Бүгінгі салтанатты жиында дәрігерлер, әскери қызметкер және өнерлі отбасылар да кездесті. Айта кетейік, марапаттау рәсіміне сонымен қоса, шаһардағы көпбалалы аналарда шақырылған.Оларға демеушілік есебінен 10 мың  теңгенің сертификаты табысталды.

К.Шәмші, Ғ.Есенбаев ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
14:04, 15 шілде 2019
АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...