ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

21:08, 6 наурыз 2019

8 –наурыз аналар мерекесі. Ана – әлемнің жан дүниесі, өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.  Бұл күндері аналарымыз қандай құрметке болса да лайық. Осыған орай бүгін  Тараз қаласында бірқатар  көп балалы аналарға “Алтын алқа” және “Күміс алқа” медальдары табыс етілді. 

Бүгінде Шаһар бойынша 4344 көпбалалы отбасы бар. Оның 2504-і алтын, 1840 –ы  күміс алқа иегерлері. Мереке қарсаңында кезегін күтіп, қуанышқа кенелген тағы алтын құрсақты жеті ана алтыннан, 27 ана күмістен алқа тақты. Олардың қатарында ұстаз да, балабақша тәрбиешілері де бар. Аналардың дені 30 бен 34 жыстың арасында. Өз кезегінде Тараз қаласының әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай  батыр аналарды мерекелерімен құттықтап, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестерін ерлікке балады. Мерекелік жиында ыстық ықыласқа кенеліп, құшағы гүлге толған асыл  аналар арнайы ілтипат білдірген жергілікті билік өкілдеріне өз ризашылықтарын білдірді.

Сәуле ЖЕКСЕНОВА АЛТЫН АЛҚА ИЕГЕРІ

Жәмилә ӘКЕТАЕВА КҮМІС АЛҚА ИЕГЕРІ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар