ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

19:32, 4 шілде 2019

Шілде айының  6-шы жұлдызы әлем жұртының жанарлын жаулаған, еңселі Елорданың туған күні.  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  филиалынында  Нұр-сұлтан қаласы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қай мемлекеттің болмасын, айнасы әрі негізгі символы- сол елдің астанасы. Елорданы Алатаудың баурайынан арқаға ауыстыру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың  идеясы  көп кісінің көкейінде үміттен гөрі күдік ұялатқаны рас.  Дегенмен, Елбасының көрегендігі мен іскерлігінің арқасында  Еуразияның кіндігінде орналасқан бас шаһар елорда еңсесін тіктеп, егемен елдің мақтанышына айналды.  Осылай деген  облыстық  «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, жиылғандарды мерейлі мерекемен құттықтады.  Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында  саяси науқан -  президент сайлауында белсенділік танытып, еңбек еткен азаматтар мемлекет басшысының арнайы алғыс хаттарымен марапатталып,  қала күніне орай «Нұр Отан» партия мүшелігіне қабылданған қоғам белсенділеріне  партиялық билеттер тапсырылды.

АЙГҮЛ РАЗАҚОВА –«Айналайын» қоғамдық бірлестігінің  жетекшісі

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар