Меркі ауданында баспасөз туры өтті

16:37, 18 тамыз 2017

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастырумен Меркі  ауданында – баспасөз туры өтті.  Журналистер аудандағы  бірқатар өндіріс орындарымен, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандармен танысты.

Баспасөз турының өкілдері ең алдымен Меркі аудандық  тарихи-өлкетану музейінде болды.1983 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан мұражай 6 залдан тұрады. Музейдің археологиялық экспозициясына қойылған жәдігерлердің барлығы зерттеу қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Ерекше тарихымен таңқалдыратын экспонаттар да бар. Мәселен Қарақыстақ қорғанының бірінші қорымынан табылған жәдігерлерді айтуға болады.

Айман Жұрсыналиева, Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері

Біздің музейде ерекше экспонаттар көп. Мысалы мына сүйек осы Меркі жерінен табылған.

Бұдан соң журналистер Меркі тау шатқалында орналасқан «Тұран» демалыс аймағында болды. Мұнда 15 жергілікті  тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Журналистер назарына ұсынылған келесі нысан жаңадан ашылған Меркі аудандық орталық ауруханасы. 250 орындық аурухана соңғы заманауи үлгі бойынша салынған. Жалпы дәрігерлер саны 65. Дегенмен әлі де маман тапшылығы білінеді дейді мамандар.

Бекболат Құрманәлі, Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Маман жетіспеушілігі әрине бар. Бізде зейнет жасындағы адамдар көп.Сондықтан жалпы тәжірибелік дәрігерлер керек.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріжеке меншіктік «Сезім» медицина орталығының жұмысымен танысып қайтты. Мемлекеттік «Даму» бағдарламасы  арқылы 10 млн тг алып, рентген кабинетін ашқан. Емхана 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Одан соң журналистер Ойық ауылдық округінде орналасқан «Ботакөз» балабақшасында болды. 150 бүлдіршінге арналған бөбекжайда 33 ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Бұдан бөлек БАҚ өкілдері «Севиль-Меркі» сүт өңдеу цехында болды. Цех сүт өнімдерінің 9-дан астам түрін шығарады. Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша 22 тонна сүт өндірілген.

Дос Тасқараев, Меркі аудандық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

Бүгінгі күні Меркі ауданында өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Осы цех сүт өнімдерінің барлығын өндіреді.

Меркі өңірінің кәсіпкерлік саласы жыл өткен сайын дамып келеді. Оған дәлел мал шаруашылығымен  айналысатын «Олжа» шаруа қожалығы. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ісін дөңгелеткен қожалықта 3000 бас мал бар. «Трансфер» шаруа қожалығы  да қазір көптің аузында. Бұл олардың өткен жылғы рекордтық көлемде өнім өнідіргендерінің нәтижесі. Биыл шаруашылық өткен жылғы жетістікті қайталап қана қоймай, ол рекордты жаңартуды жоспарлап отыр.Биыл  егінді 200 гектар жерге отырғызған.

Райма Энадинова, «Трансфер» ШҚ атқарушы директоры

Көп жылдан бері егін егумен айналысып келеміз. Ал қызылша егімен айналысқанымызға 3 жылдан асты. Биыл біз қызылшаның жаңа сұрпын пайдаланудамыз. Оның салмағы қазірдің өзінде 4,5 келіге дейін  жетуде. Өнімнің көлемі гектарына 1000 центнерге дейін болады. Оның бойында қант мөлшері де көп

Бұдан бөлек БАҚ өкілдері «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған № 9 мектепте болды. Бүгінде мектептің құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Соңғы заманауи технология бойынша салынған мектеп 600 оқушыға арналған. Меркі ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер жетерлік. Әрине, бүгінгі еңбек - кемел келешектің қамы екендігі қуантады.

Шырайлым Болатбекқызы, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі» Меркі ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...