ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Меркіде жаңа балабақша ашылды

14:26, 14 желтоқсан 2017

Меркіде екі жаңа балабақша ашылды. Ауданда балаларды мектепке дейінгі білім нысандарымен қамту соңғы екі жылда 32 пайыздан 50 пайызға дейін көтерілді. Бұл мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан жаңа балабақшалардың көбейуінің нәтижесі. Мәселен: ауданда биылғы жылдың өзінде алты балабақша пайдалануға берілді.

Бір жылда бірнеше балабақшаның ашылуы әсіресе бөбекжай кезегінде тұрған отбасылар үшін үлкен қуаныш болып отыр. Пайдалануға берілген нысандардың біреуі ғана мемлекеттік болса, қалғандарын жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен мемлекеттік әріптестік негізінде соққан. Тәуелсіздік мерекесіне орай Меркі ауылында іске қосылған «Таңшолпан» балабақшасы 190 –орындық. Нысанның ашылуына ауданның құрметті азаматтары, ата-аналар мен тұрғындар жиналды.

Мейірхан Өмірбеков, Меркі ауданының әкімі

Біз балаларды бөбекжаймен қамту мәселесінде алдымызға үлкен мақсат қойдық. Жылда 2400 бала бөбекжаймен қамтылса, биыл біз оны 3000 нан асырып отырмыз. Яғни, қосымша 800 бала қамтылды. Ашылған нысандардың көбісі жеке азаматтар көмегімен болғандығы қуантады

Балабақша материалдық- техникалық жағынан толық қамтылған. Онда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім берудің бес стандарты бойынша жұмыс жүргізіледі. Жалпы, Меркі ауданында жыл соңына дейін  бөбекжаймен қамтуды 50 пайыздан асыру жоспарлануда. Жаңадан ашылған балабақша ғимаратында бұрын балалар үйі болған. Екі жыл бұрын жабылған мекеменің үлкен ғимаратын жергілікті билік қарауға алып, бүгінде ел игілігіне беріп отыр.

Сандуғаш Баубекова, «Таңшолпан» балабақшасының меңгерушісі

Елбасының саясаты Меркі жерінде дұрыс жүргізіліп келеді. 1918 жылы ашылған ескі ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп бүгінде осындай зәулім балабақша ашылды. Бұл мереке қарсаңындағы Меркідегі қуанышты жаңалық болды

Дәл осындай қуанышты жағдай Ақермен ауылында да болды. Жергілікті кәсіпкерлер көмегімен ашылған «Шағнұр» балабақшасы 75 балаға арналған. Мұнда ауылдың 25 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бөбекжайдың ашылу рәсіміне қатысқан ауыл тұрғындары балалар үшін бар жақсылықты жасап жүрген жандарға өз алғыстарын білдірді. Жаңа бөбекжайдың арқасында Ақермендегі балабақша мәселесі түпкілікті шешілді.

Серік Құралбаев, Меркі ауданының құрметті азаматы

Осындай қуанышты күні ауданымызда екі бірдей балабақша ашылып отыр. Балалар еліміздің ертеңі, болашағы екендігі даусыз. Елбасы да рухани жаңғыру бағдарламасында саналы ұрпақ қалыптастыру керектігін, олардың бәсекеге қабілетті және латын тілін білу керектігін айтып өткен болатын

Меркі ауданында  балаларды балабақшамен қамту ісі мұнымен шектелмейді. Келер жылы да бұл жұмыстар кең көлемде жалғасын табады дейді сала мамандары.

Айбол Қарашев, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар