ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

МЕРКІДЕГІ МӘСЕЛЕ

15:01, 2 мамыр 2019

Меркідегі мерзімі біткен жолдар, көріксіз көшелер  көгере ме? Аудан орталығындағы ауыл тұрғындары осылай шағымданып отыр. Тіпті,  3-4 жыл бұрын ғана салынған асфальт  жолдар бүгінде ойылып, тоз-тозы шыққан. Тұрғындар бұны біліксіз мамандар мен жауапсыз басшылардың тірлігінің  салдары деп отыр. .

Ал, екінші мәселе аудан тазалығы. Ауыл ішіне төбе-төбе қылып жүк көлігімен қоқыс төккендерді жергілікті жұртшылық кім екендіктерін білмейді. Ал, көктем келіп айналамыз тазарып жатқанда, қолаңса иіске тұншығып  отыруға мәжбүрміз дейді тұрғындар.  Толығырақ әріптесім баяндап берсін.

Меркі ауылдық округіндегі бұрын комсомол деп аталған өзен қазір, қоқыс төгетін алаңға айналған. Дәл мешіттің қасындағы бұл көріністерді   аудан қала берді ауыл  әкімдігі көрмеген секілді. Тазалыққа ауыл тұрғындары алаңдаулы.

Ғазиза МЫРЗАХМЕТОВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ / Қыс мезгілінде иісі жоқ еді. Қазір міне иісі шығып жатыр. Дәл үйіміздің түбінде, әкімшілікке неше мәрте айттық, жауап жоқ./

14 мың халық тұратын Меркі ауылдық округінде жолдың жыры да таусылар емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңа жол салынды деген тұрғындардың қуанышы көпке бармады. Жергілікті билік  сапаға емес санға мән берген сияқты. Салдарынан жаңа деген  жол көп ұзамай осындай жағдайға жеткен.  

 Мен өзім таксист болып істейм. Міне жолдарды өздеріңіз көріп отырсыздар. Ойылып әбден тозығы жетті. Көлікті де қайта-қайта жөндетіп шығынға батып жатырмыз.

Балаларымыздың мектепке баруы проблема. Жаңбыр жауса адам түгілі көлік жүре алмайды мына жерден, Өткен жолы көлігіміз тығылып әрең шығардық.

Осы мәселелерден кейін аудан әкіміне жолығып, жергілікті жұрттың талап-тілегін жеткіздік...

Мейірхан ӨМІРБЕКОВ – МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ/ Жол мәселесі бар екендігін білемін. Аудан ішілік жолдарға қатысты алдағы уақытта бюджеттен қаражат бөлеміз деп отырмыз. Ал, қоқысты назарға аламын. Оны тиісті орынбасарларыма тапсырып реттейміз.

Осылайша аудан тұрғындарының шағымы мен тілшілердің дабылынан соң ғана сең қозғала бастайтын сыңайлы. Бірақ, уәденің қаншалықты  орындалары әзірге белгісіз.

Н.Сембек,   Н.Құдияр  Меркі ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар