ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

МЕРКІНІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ

21:05, 11 ақпан 2019

Жүргізуші. Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов Меркі ауданы әкімі Мейірxан Өмірбековтің халықпен есепті кездесуіне қатысты. Алқалы жиында аймақта 2018 жылы  атқарылған жұмыстар айтылып, алдағы жоспарлар сараланды.

Меркі  80 мыңнан астам халықтың тұрақты мекені. Ауыл шаруашылығына арқа сүйейтін аймақта агроөнім көлемі 25 миллиард теңгені құрапты. Нақты индекс көлемі 108 пайыз- облыстағы үздік нәтиже.  Ауданда сүт бағытында 6, ет бағытында 4 ауыл шаруашылық кооперативтер құрылып, жемісті жұмыс жүргізіпті.  Ал, Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 14 миллиард теңгеден асып отыр.  Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша жалпы құны 1,7 миллиард теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылған. Былтыр аудан бюджетіне 2,6 миллиард төлемдер  түсіп,  болжам 104,8 пайызға орындалды. Ал, аудандық бюджеттің кірістер жоспары 12,1 миллиард теңгеге немесе  100 пайызға орындалды.

Мейірхан Өмірбеков Меркі ауданының әкімі

 Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік саласындағы жұмыстар да нәтижесіз емес. Өткен жылы Меркі ауданындағы ауылдық елді мекендерге келген 36 маманға 168,3 мың теңгеден көтерме жәрдемақы, 21 маманға 3,6 миллион теңгеден бюджеттік несие берілген. Аудандағы, мәдениет,  білім, денсаулық сақтау салаларындағы көрсеткіштерде де өсім бар. Әлеуметтік, қоғамдық мәселелердің шешілуі де біртіндеп жолға қойылып келеді деуге негіз бар.

Есепті жиында тұрғындардың  бірқатар сауалына жауап берген аудан әкімі көтерілген мәселелер қараусыз қалмайтынын жеткізді. Бұдан соң  қорытынды сөз алған Асқар Исабекұлы ауданда атқарылған жұмыстар аз еместігін, алайда, атқарылар шаруа одан да көп екендігін баса айтты.

 Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /2018 жылы бастаған бірқатар жүйелі жұмыстарды одан сайын күшейткелі отырмыз. Соның ішінде, жаңа айттым ғой, облыс әкімінің орынбасарлары, инспекторлар, аудан әкімі міндетті түрде жыл басында барлық елдімекенге баруды міндеттеп отырмыз. Оның біз ережесін бекітеміз. Қамтығанда да құр әншейін барып қайту емес, қамтудың тәртібі, халықпен кездесудің тәртібі, ондағы көтерілген мәселелердің бәрін дерекқорға енгізу. Оны жүйелендіру, талдау. Соның қорытындысы бойынша аудан әкімі қандай шешімді қабылдап отыр? Міне мынаны мен шеше алам, мынаны облыс дегендей, мысалыға/

Өңір басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін алдымен экономиканы көтеру жолында нәтижелі  жұмыстар жүргізілу керектігін ескертті. Сондай-ақ, ауданның жұмысын тек белгілі көрсеткіштермен ғана бағалап қоймай, өңірдің әлеуетін мүмкіндігінше пайдалану керектігін тілге тиек етті. Есепті жиында жұмыстың тиімділігін арттыру үшін, дұрыс жүйені қалыптастырудың маңыздылығы, әрбір елді мекеннің әлеуметтік-экономикалык төлқұжатын жасаудың маңыздылығы айтылды

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...