ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЖАМБЫЛДА

18:34, 10 шілде 2019

Бүгін өңірге жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов пен Қожахан Жабағиев келді. Ондағысы  Президент жүктеген 10 міндетті іс жүзінде жүзеге асырып, халықтың тұрмыс  сапасын жақсарту. Сондықтан халық қалаулылары  әлеуметтік нысандардың аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұдан бөлек, кәсіпорындарға да атбасын бұрды.

Жылына 80 тонна  сүт өңдеуге қауқарлы "Көкжиек-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтыр толығымен автоматтандырылған жүйеге көшкен. Яғни, өткен жылдың соңында қайта кеңейтіліп, модернизиацияланды.  Бұл инвестиция тартудың жемісі. Ал зауытқа қажетті шикізат Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарынан жеткізіліп отыр. Өз кезегінде, зауыт басшысы депутаттарға шаруалардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс-тілегін жеткізді. Бұл арқылы өнімнің көлемі артып, сұраныс та  молаяды дейді ол.

Әбдіғали  БЕГІМБЕТОВ /  «КӨКЖИЕК-2030» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали  Бегімбетов бүгінде 4 ауыл шаруашылығы кооперативімен бірлесе жұмыс істеп отыр.  Болашақта тағы  10 кооперативпен бірігіп,  сүт өнімдерінің көлемін еселемек ниетте. Ал жұмыс сапарымен келген депутаттар  коперативтің құрылуы, ауыл халқының оған біругі табыстың негізгі көзі екенін атап өтті. Бұл тиімді іс - халық әл-ауқатының артуына сеп болса, бір жағы ішкі нарықтағы өнімдерге деген сұранысты еселейді.

Қожахан ЖАБАҒИЕВ    /  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ  ДЕПУТАТЫ

Қазіргі таңда сүт және ет бағытындағы өндіріс орындарын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. "Көкжиек-2030" серіктестігі соның айғағы. Сондықтан мәжілісмендер кәсіпорынға ерекше баға  беріп, еңбек ұжымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Одан соң, халық қалаулылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жаңартылған материалдық-техникалық базасымен де танысты.

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар