ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

18:20, 11 шілде 2018

Ауыл шаруашылығында тек ет өнімдерін ғана емес, өндірілген сүтті өңдеу мәселесін де қолға алу қажет. Ірі сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін отбасылық шағын фермаларды дамытуды қолға алған дұрыс. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиев өңірдегі өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін тыңдады. КТМ: Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» бүгінде жалпы қуаттылығының жартысын ғана пайдалануда. Өткен жылы 600 тонна ірімшік, 96 тонна сары май өндірген. 9 млн литр сүт қабылдапты. Өнім сапалы, сұраныс-көп. Биыл осы көрсеткішті 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Алайда, компания өз арбасын өзі сүйрей алмай келе жатыр. Сүт өткізетін жеке тұрғындар кәсіпорынды шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, нарық бағасына қарай олар өнімін қайда өткізетіндерін өздері шешеді. Іргесі 70 жыл бұрын қаланған ғимараттар  ескірген. Қондырғылар мен тарифтің қымбаттығы да –өндіріс орынының қуатын толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. 

ӘБДІБЕК ПОШҚАЕВ - ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ / Қондырғылар ескі, оны алайын десек бағалары өте қымбат. Қазақстанда шығарылмайды олар. Бәрі шет елден келеді. Шет елдің бәрі бағаны долларға привязка жасап қойған. Электр энергиясы, газдың тарифі де бүігінгі күнге біз үшін қымбаттау болып тұр./

ҚОЖАХАН ЖАБАҒИЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ / Осындай үлкен өндірістің жанында сол фермалардың бір-бірімен байланысы, ұзақ уақытқа келісім-шарты болуы керек. Себебі, сыртта да, іште де сұраныс көп. Осы көтерілген проблемаларды оның заңнамалық қандай жолмен іздеу туралы мен өз ұсыныстарымды қорытындылап, заңға енгізуге күш саламын/

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...