Мәжіліс депутаты Жамбыл облысына келді

22:00, 4 тамыз 2017

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Ол бірқатар өндіріс орындарын аралап, облыс кәсіпкерлерімен кездесті.

Халық қалаулысы «Тараз Кожь Обувь» және «Фабрика ПОШ - Тараз» серіктестіктерінде болып, шығаралып жатқан өнім түрлерімен танысты. Мұнда қазір заманауи қондырғылар қойылған. Соның арқасында жіптің бірнеше түрін шығарады. Сонымен қатар, таза жүнді Иран, Израйль секілді мемлекеттерге экспорттайды. Депутатпен кездескен зауыт өкілдері бірқатар сұрақтарын қойды.

Бахыт Сүйінбаев - «Фабрика Пош -Тараз» ЖШС бас инженері

Біздің зауытта бірқатар мәселелер бар. Ол газ бағасының көтерілуі мен шикізаттың тапшылығы болып тұр. Осы проблемаларды шешуге депутат ретінде көмектессеңіздер екен

Азат Перуашев - ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Коммуналдық төлемдердің бағасын реттеу үшін алда өтетін жиындарда бұл мәселені біздің фракция көтеретін болады. Ал, шикізат жағы шаруақожалықтармен келісіп, жүнді тек отандық зауыттарға өткізу жағын қарастыру керек

Одан ары Азат Перуашев Тараз қаласының Арай тұрғын үй алқабындағы көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. 14 гектар жерге соғылып жатқан жаңа үйлер негізінен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тапсырылады. Ал, халық қалаулысының облыс кәсіпкерлерімен болған кездесуінде Жамбыл жеріне тартылып жатқан инвест жобалар мен ашылып жатқан кәсіпкерлік нысандары жөнінде айтылды. Мәселен: өңірімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығында 575 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылған.

Азат Перуашев - ҚР парламенті мәжілісінің депутаты

Біздің партия әсіресе кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Олардың қандай мәселелері бар. Мемлекет тарапынан қандай қолдау керек. Біз алдағы болатын парламент отырыстарында өңірлерден көтерілген барлық мәселені қоятын боламыз)

Кездесу соңында жиынға қатысқан шағын және орта бизнес өкілдері депутатқа көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Айбол Қарашев, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...