ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ

20:44, 7 маусым 2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды. Тiлдiң ұқсастығы ,тiрлiк жақындығы,қанның жақындығы бар өзбек ағайынмен достық қатынас жоғары деңгейде. Қазір барлық салада келісімдер бар, шешілмеген мәселе жоқ. Парламентаралық байланыс та беки түспек. Ташкенттен  әріптесім Индира Бегайдар рет ретімен.

 "Өзбек өз ағам" деген сөз бар. Бұл ел халықаралық салада Қазақстанға иек артып, арқа сүйеуге дайын.

Ал бұл елдің қазіргі көшбасшысы Шавхат Мирзиеев "Түркі жұртының ақсақалы" атанған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жиірек кездесіп, ақылын тыңдап тұруға дайынбыз дегені тағы бар. 

Былтыр Қазақстандағы Өзбекстан жылы болса,ал биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы.

РАВШАН НАЗАРОВ, САЯСАТТАНУШЫ 

(Қазақстан мен Өзбекстанның барлық саладағы ынтымақтастығы маңызды фактор. Ол Орталық Азияда бірліктің орнауына сеп болады. Айта кетерлігі,біз екіжақты да көп жақты да форматта тығыз байланыс орната білдік. Мәселен,  ТМД, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында да әріптестік жандануа. Қазір екі тарап өзара әріптестіктің  жаңа белесіне шықты.)

 Өзбекстан Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы. Нұрлан Нығматулин Өзбекстан Олий Мажлисі заң шығару палатасының  спикері Нурдинжон Исмаиловпен ынтымақтастықты бекіте түсу жолдарын талқылап,  парламенттік әріптестікті жандандыру қажеттігін айтты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы достықты нығайтуға баға жетпес үлес қосты,  Екі елдің барлық салада әріптестігі ж оғары деңгейде, өзара сенім күшейіп, серіктестік қарқынды дамып жатыр. Енді оны бұл деңгейде ұстап тұру маңызды. Сонымен қатар, Мәжіліс спикері Олий Мажлис Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевпен кездесті. Тату көршілік пен берік достықтың негізінде қарым қатынастың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

БАХТИЯР ЭРГАШЕВ, ЗЕРТТЕУ БАСТАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

 Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбіұшы Назарбаев әлемдік деңгейдегі ықпалды саясаткер. Жаһан жұртына халықаралық бастамаларды ұсынып, оның жүзеге асырылуына қол жеткізді. Өзбекстанда ол кісіні Орталық Азия саясатының ақсақалы ретінде құрмет тұтады. Оның  бастамаларының өміршіндігін уақыт көрсетті. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа жаһан саясаткері ретінде құрмет ерекше.)

Қазақ-Өзбек қос бауыр, бір тамырдан нәр алған. Қазіргі таңда мұнда 1 миллионнан астам этникалық қазақ тұрады. Екі елде де өзара достықтың көпірі берік.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Осы бауырлас елде өткен барлық кездесулер Өзбекстан халқының Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген ерекше ниет, ерекше құрметін көрсетті.Себебі Нұрсұлтан Әбішұлының және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің салиқалы саясатының арқасында біздің елдеріміз қай салада болса да экономика болсын,мәдени болсын барлық жағынан жоғары деңгейге жетті. Ол парламенттік байланысқа жаңа серпін берді. Осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында біз өзбекстандық әріптестерімізбен нақты келісімдерге қол жеткіздік.

Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 50 пайызға артып,  3 миллиард долларға жетті. 2020 жылға  қарай бұл көрсеткішті 5 млрд долларға жету жоспарланып отыр,бұл орайда парламентаралық әріптестіктің маңызы зор. 

ИНДИРА БЕГАЙДАР,ТІЛШІ

(Қазақ-өзбек жарты бидайды жарып, бір бидайды бөліп жейтін бауырлас ел. Қазіргі таңда Өзбекстанда 500 қазақ мектебібар. Ал бұл сапар ынтымақтастығымызды бекіте түсетіні сөзсіз. Ендеше, бірлігіміз жара берсін.)

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар