ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

МОБИЛЬДІ НАУБАЙХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

17:25, 13 маусым 2019

Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып, қорғаныс өнеркәсібі кешендері құрылуда. Қазірдің өзінде еліміздегі жиырмадан астам өнеркәсіп кәсіпорындарында әскери техника мен қару-жарақтар ғана емес, мобильдік наубайханалар да өндіріледі.  Жамбыл облысындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері бұл жабдықтарды тәжірибеден өткізіп көрді.  

Пісіру кешенінде екі пеш орналасқан, оның бірі сұйық, екіншісі қатты отынмен жағылады. Наубайхана жылжымалы, нан пештері мен басқа да бөлшектерін тіркемелер арқылы тасымалдауға болады. Әскерилердің шоғырланған бір аймағынан екінші аймағына жеткізгеннен кейін, оны орналастыру үшін де кемінде екі-үш сағат уақыт кетеді. Нан пісіру жұмысы толық дизельдік электр станциясымен қамтамасыз етілген. Қамырды арнайы құрылғымен де, болмаса қолмен де илеуге мүмкіндік қарастырылған. Миксердің сыйымдылығы 15 келі ұнға шақталған. Қазақстандық өндірістегі жаңа жылжымалы наубайхананың тиімділігі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлерімен тактикалық әскери жаттығулары кезінде сыналды.

Мәулен ЖҰМАБАЕВ / ВЗВОД КОМАНДИРІ /Тәулігіне бір пешке 3 тоннаға дейін нан пісіруге болады. Мұнда екі пеш болғандықтан, күніне 6 тоннадан 8 тоннаға дейін нандар пісіріледі. Солдат нанының салмағы әдеттегі дүкендердегі нандардан қарағанда біршама артытау  болады/

Нан болса – ән де болады деген мәтелдің мәні сарзбардадың да күнделікті тіршілігіне әсер етері анық.  Сондықтан, қазіргі уақытта еліміз бойынша осындай климаттық жағдайларда жұмыс істейтін мобильді наубайханалар өндірілуде.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ» 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...