ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

МОЙЫНҚҰМДА МҮМКІНДІК МОЛ

20:19, 4 шілде 2019

Ауыл халқы ауласындағы бос жатқан жерін тиімді пайдаланса,  азық-түлік көлемі бірден 30 пайызға  ұлғаяды. Яғни, жұртшылық үй іргесіндегі жерге жеміс- жидек егіп, артылғанын нарыққа шығарса пайда да мол болмақ. Ал мұндай жұмыстардан алыстағы құмды аймақ Мойынқұм ауданының тұрғындары да кенде емес. Өңірге бүгін жұмыс сапарымен барған облыс әкіміне оның бірқатары көрсетілді...

Алдымен Бірлік ауылына бас сұққан аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, қосалқы шаруашылық жұртты жаппай байытудың жолы екендігін айтты. Одан кейін осы елді мекендегі жылыжай кешеніне барды. Қияр өсіретін үй ауласындағы шағын жылыжайдан иесі қазір жылына миллион теңгеге дейін табыс тауып отыр. Жұмыстың өзі-  табыстың көзін тапқан ауыл тұрғыны әкімге көмек болса тағы да жылыжай салу ниеті бар екендігін жеткізді.

Мойынқұм өңірі бұрыннан жүгері егуде көш басында жүретін аймақ еді. Оны қазір де дамытып жатқан жандар көп. Іссапар барысында Асқар Мырзахметовке бірқатар жүгері алқаптары таныстырылды. Бірлік ауылының тұрғыны Айткүл Әбілдаева өз ауласындағы жерінің табыс көзі екенін о баста білген. Сондықтан жылда 10 соттық жеріне  көкеністің барлық түрін егеді. Оның ішінде жүгері дақылы да бар. Осылайша,  өзінің  отбасын ғана емес,  бүтін бір ауылды таза өніммен камтамасыз етуде.  Сұраныс бар. Тек молынан өнім алу үшін білек-сыбана жұмыс істеу керек.  Ауыл тұрғыны осыны көздейді.

Айткүл ӘБІЛДАЕВА  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Мойынқұмдағы Жамбыл ауылының тұрғыны Бақытгүл Отынбайқызы қолда бар шағын малының арқасында өз өзін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұл отбасы күнделікті 5 сиырынан 15 литр сүт сауып,  айран, қаймақ,  ірімшік жасайды. Ал бала-шағасынан артылғанын көрші-қолаңға сатады. Оның ішінде құртқа деген сұраныс жоғары. Яғни, оның келісін 2000 теңгеден саудалайды.  

Бақытгүл ОТЫНБАЙҚЫЗЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Облыс басшысы жиын соңында аудан активімен кездесті. Онда Мойынқұм жеріндегі барлық ауылдық округтерге барған жұмыс тобының өкілдері баяндама жасады. Қарапайым заттар экономикасы бойынша нақты түсінік әлі де қалыптаспай отыр. Сондықтан, жұмысты ширату керек. Ал, уақыт болса тым аз. Қосалқы шаруашылық - халықтың тұрмысын жақсартудың басты жолы деген өңір басшысы елімізде елдің еңсесін көтеретін бұдан артық жобаның жоқ екендігін тағы да атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
21:12, 13 желтоқсан 2019
ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
19:05, 12 желтоқсан 2019
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...