ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

20:30, 11 қазан 2018

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде аталып өтіледі. Айтулы датаға байланысты облыс орталығында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шеттетілмейді, оларға мерекеде ғана емес, барлық уақытта көңіл бөлу - парыз. 

Іс-шаралар шаһардағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасынан басталды. Мұнда зағип жандар жергілікті ақын-жазушылармен кездесті. Оқырмандарға алдымен белгілі жазушы Әлібек Әмзеев пен Болат Бекжанның және ақын Үміт Битенованың дара жолы таныстырылды. Мұндағы жандардың көздері нашар көргенімен, көңілдері сергек, мәдениет пен әдебиетке деген құлшыныстары зор. Жыр кеші ән шашумен жалғасын тапты.

Әлібек ӘМЗЕЕВ -  мәдениет қайраткері

Бұл Тараз қаласындағы  № 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы. 2014 жылы ашылған орталық 600 орынға арналған. Мұнда тұрғындарға физио және ем-шара бөлмелерінде  түрлі медициналық қызметтер көрсетіліп,  заңмен бекітілген жеңілдіктер мен үстемақыларын алуға құқықтық көмек те беріледі.  Сондай-ақ, қызмет алушылар үшін бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы алғанда, олардың сапалы өмір сүруіне барынша жағдай жасалуда.   

Мұрат Бердалиев - № 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры

Мереке қарсаңында орталық атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сыяпаттар табысталып, өңірімізге танымал Жаңабаевтар ансамблі ән мен биден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар