ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

18:56, 15 наурыз 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмай, еңбекке араласуына  мемлекет баса назар аударып келеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тиісті шаралар қабылдап, олардың жұмыспен қамтылуы үшін жағдайлар жасауда. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен мүгедек жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде қоғамға етене араласып, ел қатарлы еңбек етсем деп бүгінгі келгендердің қарасы қалың болды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар  жұмыс ұсынған мекемелер мен ұйымның өкілдерімен тілдесіп, қолдан келетін жұмыстарымен таныстырды. Жәрмеңкеде 40-қа жуық жұмыс беруші мекеме 100-ден астам бос орындарын ұсынды.Оның ішінде жоғарғы оқу орындары, кәсіпорындар, мемлекеттік және қызмет көрсету салалары бар. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық прокуратурасы пробация есебінде тұрған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.Жұмыс іздеп есепте тұрған 150 азамат келді.Оларға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында уақытша бос жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік туды. Ал өткен жылы 75 адам жұмысқа орналасса, биыл жыл басынан бері 26 азамат қамтылған.

Айнұр Келімбетова – «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар