Мүмкіндігі шектеулі жандарға-кедергісіз орта

16:34, 13 қыркүйек 2017

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғаудымемлекет басшысының өзі басты назарға алып отыр. Оларға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Ал, бұл азаматтардың қоғамда еркін жүріп-тұруына мүмкіндік туғызу тұрғысында қандай түйіткілді мәселелер бар? Тақырыпты тілші тарқатсын.

 «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы әлеуметтік маңызы бар нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету деңгейін тексеру мақсатында рейд жүргізді. Аты айтып тұрғандай, өмірге құштар жандар үшін келекшектің еш кедергісіз болуы шарт. Жамбыл облысында барлығы 904 нысанға мониторинг жүргізілген. Соның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға бейімдеу деңгейі білім алу, денсаулық сақтау мекемелерінде жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Қиындықтар да жоқ емес. Мәселен, банктер мен құқық қорғау органдарында, жеке меншік сауда үйлерінде оларға қолайлы жағдай жасалмаған. 

Жанәділ Оспанов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің консультанты

Мекемелерде тактильді жолдардан бөлек, брайн тақталар да жоқ. Мүгедек жандарға көрсетілетін қызметтер де толық стандартқа сай емес.

Партия мүшелері ең алдымен «Халық» бас ғимаратында болды. Талапқа сай көлік тұрағы бар, мекемеде пандустар да орнатылған. Бірақ, бар болғанымен , талапқа сай келмейді. Мәселен, пандус жанындағы қоңырау істен шыққан, баспалдақтағы сары жолақтардың түсі көрінбейді.  Ал, зағип жандарға арналған тактильді жол тіптен жоқ деуге болады. Банктемүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  қызмет кассалары да талапқа сай емес, ал жеке қабылдау орнында белгі орнатылмағандығы анықталды.

Самар  Орынтаев, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы бөлімінің  бас маманы

Халық банкінің барлық филиалдарын аралап жатырмыз. Мекеме басшылары барлық кемшілектерді жоямыз деп уәде етіп отыр.

Партиялықтар қаладағы басқа да әлеуметтік нысандарды аралады. Кемшіліктер табылған барлық мекемелерге ескертулер айтылып, алдағы уақытта  олқылықтардың  жойылу қажет екенін хабарлады.

Шырайлым Болатбекқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...