ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ

19:10, 8 қазан 2019

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай, бүгін Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шара өтіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Төрткүл ұлттық-мәдени орталығында жиналған мүмкіндігі шектеулі жандар  қазақ халқының терең тарихы, өнері және мәдениетімен танысып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін  этноауыл бағытында өткен іс-шараның куәсі болды. Бүгінгі шараның көздеген мақсаты да осы. Тағдыр тауқыметін тартқызса да, оларды өмір қызығынан шет қалдырмау біздің міндетіміз дейді,- ұйымдастырушылар.

Жанар ЖОЛДЫБАЕВА – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Сондай-ақ, шара барысында балалар ұлттық спорт түрлерін тамашалады. Тоғызқұмалақ, асық ойнау, бес тас сияқты   қазақтың ұлттық ойындары дәріптелді. Бір сәтке болсын балақайлардың көңіліне қуаныш сезімін ұялатқан мерекеде естелік суретке түсіп,қызыққа кенелді.

Бауыржан КҮЗЕНБЕК – ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ

Ақжүрек ТАҢАТАРОВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ

Мерекелік кеште  қол өнер көрмесі де ұйымдастырылды, арнайы дастархан жайылды. Ән айтылып, күй күмбірімен сыйлықтар  табыс етілді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар