ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

МҮМКІНДІК БЕРУ – ПАРЫЗ

18:29, 6 қыркүйек 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандар   мемлекеттік мекемелерге кіріп, өз қажетінше құжат тапсырып, емделе алмай әлек. Бірі  мүгедек арбасына қажетті жолды таппаса, енді бірі биік баспалдақтан көтеріле алмаймыз деп шағымданады. Осы орайда «Nur Otan»  партиясы «Кедергісіз келешек»  жобасы аясында өңірдегі мекемелерге рейд жүргізді.  Оған  тілшіміз Ардақ Сапибулла  да қатысып қайтты. 

Арнайы топ   партия белсенділері мен  мәслихат депутаттарынан жасақталған.  Рейд  барысында  қаладағы келушілер саны күндігіне 100 ден асып жығылатын  нысандар  назарға алынды.   Бірінде мүгедек арбасына арналған жолдың тиімсіздігін аңғарсақ, енді бірінде арнайы көмекке шақыру қоңырауы жоқ.

АЙГЕРІМ МАРАТБЕКҚЫЗЫ-«НҰРБАЛА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл облыстық диагностикалық орталық. Сау адамды былай қойғанда мүмкіндігі шектеулі жандардың күндігіне қаншалықты келетіні белгілі.  Басқа нысандарға қарағанда емделушіге жағдай осында жасалуы тиіс еді. Алайда бұл орталықтың жағдайы осындай. 

ҚАНЫБЕК ТӨЛЕШОВ-ОБЛЫСТЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ШАРУАШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ

Ал, «Өмір» медициналық орталығында аса мәселе байқалмады.  Ұйымдастырушылар  мүмкіндігі шектеулілерге жағдай жасауға арналған  талаптардың  ауыр емес екенін айтады.

Жанәділ Оспанов- «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының бірінші орынбасары

Мұрат Бердалиев- «Бәйтерек» бастауыш ұйымының төрағасы

Айта кетейік, рейд барысында бірнеше мекемелерге ескертуберілді.  Енді тиісті талаптар орындалмаса шара қолданылатыны да айтылды. «Кедергісіз-келешек» деп аталатын бұл жоба қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...