ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

МҰРАҒАТ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

14:44, 18 маусым 2019

«Істер номенкулатурасын жасау, құжаттарды қалыптастыру» және «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тәртібі». Осындай тақырыптармен Тараз қаласында архив саласының мамандарымен екі күндік оқу-семинар курсы өтіп жатыр.

 ҚР Президенті Архиві мен «Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институты» бірлесе ұйымдастырған шарада олар өз тәжірибелерімен бөлісуде. Архив саласы - өз алдына бір өндіріс алаңы іспетті. Ондағы қалыптасатын, сақталатын іс қағаздары белгілі бір тәртіпке сәйкес реттеліп отырады. Республика бойынша «бірыңғай архив қоры» жұмыс істейді. Әр азамат өзіне қажетті анықтамаға не болмаса ақпаратқа осы қор арқылы қол жеткізе алады. Қағаздар шатасып, я болмаса жоғалып кетпес үшін әрі тез табу үшін құжаттар арнайы жүйе бойынша қалыптастырылады. Архивтік істердің номенкулатурасы осындай үлкен істердің бастамасындай. Сондықтан номенкулатура дұрыс жолға қойылса, оны жалғастыруда аса қиындық туғызбайды, - дейді мамандар.

Борис ЖАПАРОВ / АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛіК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Ғалымжан ЕСЕНБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар