ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

НАЙЗАҒАЙ НАМЫСТЫ ШЕРАҒА!

13:47, 8 қазан 2019

Бүгін ақиқаттың алдаспаны, алаштың  аяулы перзенті Шерхан Мұртазаның өмірден озған күні. Қазақ қарасөзінің кербұғысы, журналистиканың жампозы атанған Шерағаңның бұл дүниені тәрк етіп, мәңгілік мекеніне аттанғанына да бір жыл уақыт өтіпті. Сынаптай сырғыған уақыт... Шерxан Мұртазаның қазақ әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегі орасан, ойып алар өз орны бар.  Шындықтың жебесі атанған нар тұлғаның есімі ел жадынан ешқашан өшпек емес. 

Тәуелсіздігімізді тұғырландырған тұлғалардың тобында халқымыздың ардақты перзенті Шерхан Мұртазаның алар орны алабөтен. ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Ол қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы "Шерағаң" деп қадір тұтты.

Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ - ЖАЗУШЫ

Айтар ойын бүгіп қалмай, ақиқаттың айбалтасын асқақ рухпен ұстаған Шерағаң , құрметті қаламгер де. Шерхан Мұртаза көркем шығармаларымен ғана емес, шыншыл, бірбеткей, турашыл мінезімен қазақ халқының жадында сақталмақ. Бірегей тұлға саналы ғұмырында қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар ұстады. Суреткердің қарымды қаламынан қазақ әдебиетінің асыл қазынасына қосылған ойы құнарлы, сөзі шұрайлы еңбектер қалды.

Дулат ИСАБЕКОВ – ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ

Несіпбек ДӘУТАЙҰЛЫ - ЖАЗУШЫ

Қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткерінің жарқын бейнесі ел есінде мәңгіге сақталмақ.  Шераға салып кеткен жол xалық барда, ел барда, ұлты барда ешқашан ұмытылмайды. Кімдерден қалмаған жалған бұл. Бір кем дүние...

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар