«Нео-Фольклор» стиліндегі киім үлгісі мен заманауи кәдесый өнімдерін дамыту

18:44, 14 қараша 2017

«АРАЙ Плаза» бизнес орталығында «Taraz fashion day» мерекелік іс-шарасы өтті. Оның аясында «заманауи үрдісті қалыптастыру мен мәдени мұраларды жаңғырту және «Нео - фольклор» стиліндегі киім үлгісі мен заманауи кәдесый өнімдерін дамыту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция болды. Сондай-ақ, қол өнер шеберлерінің көрмесі мен сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының тиімді басқару департаментінің өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының барлық аймағы, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің сән-дизайнерлері қатысты. Конференция барысында заманауи киім үлгілері мензамануи кәдесый өнімдерін дамыту жайы сөз болды.

Ғылыми – практикалық конференция соңы «Нео - фольклор» стиліндегі сәнгерлердің сайысына ұласты.Байқауға облыстың барлық аудандарының сәнгерлері қатысып, «нео-фольклор» киім үлгісіндегі сән көрсетілімін ұсынды. Одан бөлек, мектептен тыс дамыту және балалар шығармашылығы орталығы дайындаған балалар киім үлгісінің топтамасы да көрсетілді. Келушілер көршілес Қырғыз және Өзбек елдерінен келген сән-дизайнерлерінің ұлттық киім түрлерін тамашалай алды.

Сонымен қатар, мұнда балалар сурет байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. Негізінен жарысқа 380 жұмыс жіберіліп, олардың ішінен 105 – і іріктелініп алынды. Байқау жеңімпазы Кристина Рудакова атанып, «Аспара» колледжіне грантын иеленді.

Ал қол өнер шеберлерінің көрмесіне ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдар қойылды. Атап айтсақ, кітап мұқабасы, сурет жақтаушасы, тері және жүн өнімдерінен жасалған дүниелер. Қол өнер шеберлерінің бұл туындылары қонақтардың көңілінен шықты. Осылайша, «Taraz fashion day» мерекелік іс-шарасы экономиканы дамытуға септігін тигізіп, шығармашылық орта қалыптастыруға негіз болды.

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...