Нұр Отан: қоғамдық қабылдау

22:30, 14 наурыз 2017   264

Қазіргі таңда азаматтар үшін тұрақты жұмыс табу оңай емес. Осыған орай  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық қабылдауда  жұмыссыз жүрген азаматтардың  базынасын тыңдады.

Қабылдауға өтініш білдірген азаматтардың басты мәселесі тұрақты жұмысының жоқтығы. Біразының дипломы жоқ. Кәсіби тәжірибесі де жоқтың қасы. Әртүрлі себептермен жұмысқа орналасуға қол байлау тағы бар. Олардың арасында аз қамтылған отбасы мүшелері, асыраушысынан айрылған жас аналар, оқу орындарына түсе алмаған жастар  да  бар. Осындай тұрғындар үшін қоғамдық қабылдау үлкен көмек. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  бағдарламасы»  жұмыс іздеуші азаматтарға жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, оларға құқықтық кеңес беріліп, кәсіптік оқыту курстары жайында да мағлұмат берілді.

Алтай Стамқұлов, Тараз қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары

Аталған бағдарламаның ішінде 3 тармақ осы  көп уақыт үйде  жұмыссыз отырған азаматтарға сондай-ақ мамандығы жоқ азаматтарға арналған. Бүгін күні біз келіп түскен өтініштердің барлығын қарап, оларды жұмыспен қамту орталықтарына шақырып тіркеуге қойып алдағы уақытта жұмысқа орналастырамыз деген үміттеміз.

 

 

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40