«Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарында кадрлық резервке іріктеу басталды

20:12, 29 маусым 2017

 «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарында резервке қосымша іріктеу басталды. Ертеңнен бастап белгіленген талаптарға сай тұлғалардан құжаттарды қабылдау жұмысын ұйымдастырмақ. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалында өткен брифингте айтылды.

Аймақтық кадрлық резервке кандидаттар іріктелген кезден бастап, партия үміткерлерді дамыту бойынша жұмыс жүзгізуде. Нақты айтқанда, әрқайсысы іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оны бірінші жарты жылдықта жүзеге асырады. Бұл жұмыстың маңызды тармағы – партия жанындағы Саяси менеджмент мектебінде білім алу. Мектеп 90 кадрлық резевтегі азамат үшін саяси және азаматтық инститтутты дамытуға байланысты семинар-тренингтер өткізеді. Өткен жылы 4 айға жуық ауқымды жұмыстардың нәтижесі бойынша 143 кандидат іріктелген болатын. Кандидаттар аймақтық және аудандық резевтерге іріктеледі. Мәселен, аудандық резевке ұсынылатын үміткер кем дегенде 1 жыл партия құрамында болып, 2 жыл жұмыс өтілі мен жоғары білімі болуы керек. Алдымен құжаттар қабылданып, тестілеуден өтеді, кейін әңгімелесуге қатысады. Қосымша резервті қалыптастыру 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Шәбден Тілеумұрат, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филилалы төрағасының орынбасары

/Бағалау нәтижесінде жақын және орта мерзімді резевке енгізу туралы шешім қабылданады. Қажетті талаптарды жоғары деңгейде орындап, партиялық органдарға ұсынуға дайын үміткер жақын мерзімді резервке кіреді. Өз кезегінде, олар мәслихат депутаттығына, партия жанындағы комиссия мен қоғамдық кеңес мүшелігіне ұсынылады./

 

Ақерке Бектас, Руслан Сандыбай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...