ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР»: 205 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛМАҚ

20:30, 12 маусым 2018

Биыл Тараз қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 205 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазір барлық баспана тұрғызылып біткен. Енді тек ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қалған. Құрылыстың сапасы жақсы. Бұл туралы мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын бағамдап, зерделеу жұмыстарының нәтижесімен бөліскен кезекті комиссия отырысында айтылды.

Бүгінде қолжетімді баспана көптеген қазақстандықтың арманына айналған. Сондықтан ел қалауы ескеріліп, Елбасының тапсырмасымен 2016 жылдың соңында үкімет «нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама әрбір азаматты  тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. 15 жылда «нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл бойынша өңірімізде ілкімді істер атқарылуда. Биыл 205 отбасы баспаналы болмақ. Үй көлемін де таңдауға болады. Қаласаңыз 80 шаршы метр, үлкен керек болса  116 немесе 125 шаршы метр үйді  10 сотық жерімен аласыз.

Гаухар Жолдыбаева – Қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі

Нұротандағы жиында бағдарламаның жүзеге асуы барысымен танысып қайтқан жұмысшы топтың есебі тыңдалды. Сапасын бас бармақпен бағалауға болады  - мыс. Бірақ уақыт сыншы. Бір өкініштісі ақпараттандыру жағы ақсаңдап тұр.

Анар Дүйсенбаева – Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі

Бұл қалалық жер қатынастары бөліміне айтылған сын. Онсызда бастары даудан арылмай жатқанда бұл мәселе бір бүйірден соққы болғандай. Ескеріле ме, жоқ па? Оны да уақытқа еншіледік. Басқосу барысында бұдан бөлек тағы бірқатар мәселелер қаралды. Мәселен, ниет білдіргеннің барлығы бірдей үй алуға мүмкіндігі жоқ. Көібісіне қолбайлау - төлем қабілеттігін дәлелдейтін қажетті құжаттардың жоқтығы. Сондықтан үйдің өзін кепілдікке қойып, үш жақты келісім шарт жасалса деген ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ бастапқы төлем 30 пайыздан 10-20 пайызға төмендету. Мәслихат қорытындысында талап-тілектер ескеріліп, хаттамаға қатталды.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...