ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖОЛ»: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

19:23, 18 маусым 2019

Тараз қаласында жылу құбырларына жөндеу жүріп жатыр. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында  басталған құрылыс жұмыстары қазан айында толығымен аяқталмақ. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жауапты басшылармен бірге жөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Толығырақ алдағы бейнематериалда

Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 18 шақырымында ескірген құбырларды қайта жаңалау жұмыстары жүргізілуде.  Оның ішінде Қойгелді, Комратов, Көшеней және Сыпатай сынды ірі көшелер бар. Мердігер жұмысын аралап, құрылыс қарқынын саралап қайтқан Бекболат Орынбеков айтылған тапсырманы аталған мерзімде аяқтау керектігін айтты.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Тараз энерго орталығы мамандарының айтуынша аталған көшелерде қыс мезгілінде 40-қа жуық ахау болған.  Жыры бітпейтін мекемеге жөндеу жұмыстары қызмет сапасын жақсартуға сеп болады деген үміт бар.

Жақсылық ЖОҒЫБАЕВ – «ТАРАЗТРАНСЭНЕРГО» ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Мердігер өкілдерінің айтуынша қазір жұмыстың 60 пайызы жасалып,  монтаж жұмыстары аяқталуға жақын қалыпты. Ал, алмастырылып жатқан құбырлар сырттан келгенімен изоляциясы қазақстанда жасалған. Сондықтан сапалы өнім жер астында 50-60 жылға дейін шыдам береді дейді.

Ринат АБДУЛЛИН -  МЕРДІГЕР ӨКІЛІ / Қойгелді көшесіндегі жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталған болатын. Қазір мұнда 70 жұмысшы істеп жатыр. Негізгі жұмыстарды аяқтадық. Айтылған мерзімде жұмысымызды аяқтап тапсырамыз. /

Бұл жұмыстар өңір басшысының назарында болмақ. Көктемде басталған жұмыс қазан айына дейін жалғасады.

Н.Сембеков, Ғ.Есенбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
20:54, 11 қараша 2019
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:52, 6 қараша 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...