ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

14:05, 10 сәуір 2019

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «10» сәуірдегі өкімімен Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, 1985 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «тарих»» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласындағы №10 орта кәсіби-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған. Кейінірек, №45 орта мектебінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Тараз қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Ал, 2017 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Облыс әкімі Сұлушаш Сәтбекқызын білігі мен тәжірибесі мол маман екенін айта келе, бұл қызметті асқан жауапкершілікпен орындайытынына сенім білдірді.  Айта кетейік, енді Сұлушаш Құрманбекова облыстың білім, ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, дін істері салаларына жетекшілік ететін болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар