ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

Облыста жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық азайған

20:30, 13 наурыз 2018

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтрын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға прокуратура қызметкерлері, білім мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары сондай-ақ, барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде «Жамбыл облысында 2018-2019 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған кешенді жоспарлар» мен бірнеше күрделі мәселелер қаралды.

Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен басқосуда білім және денсаулық басқармасының басшылары аталған мәселелерге қатысты баяндама жасады. Мәселен: оқушылар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында жалпы 1599 іс-шара өткен. Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда құқықбұзушылық пен басқа да қылмыстар едуір азайған.

Рахия Тұрмағанбетова – Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы / Ұйымдастырылған 1599 іс-шараның ішінде 353 ашық тәрбие сабақтары, 100 семинар-тренинг, 184 дөңгелек үстелдер, 245 кездесу және 587 рейдтік жұмыстар./

Дегенмен, әлі де атқарар тірліктер жетерлік. Ал, оны шешудің жолы бір – білек сыбана жұмыс істеу. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандың арасындағы ең күрделі проблеманың бірі ерте жүктілік пен еркінен тыс жыныстық қолсұғушылық. Бұл орайда денсаулық сақтау басқармасының басшысы қолдан келгенін жасап жатырмыз деді.

Марат Жұманқұлов - Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы / Қазір біздің психолог мамандар барлық білім беру мекемелерінде жүйелі жұмыстар атқаруда. Болашақта сол мамандарды психдиспансерде емес емханаларда отыратындай етіп жасап жатырмыз./

Жиын соңында аталған барлық мәселелерді шешу жолында біріге отырып жұмыс атқару керектігі тапсырылды. Себебі білім беру мен құқыққорғау ұйымдарының арасында әлі де болса тығыз байланыстың жоқтығынан екені анықталып отыр.      

 А.Садуақас Н. Құдияров «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар