Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов жастармен кездесті

22:30, 13 наурыз 2017   362

Бүгін Дзюдодан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жастарымен кездесті. Онда спорт шебері, өзінің тәжірибесімен бөлісіп, спорттағы жетістікке апарар қағидалары мен ұстанымы жайлы сыр бөлісті.

Әлем мойындаған спортшыны күтіп алуға оқу ордасының студенттері спорттық киіммен сап түзесе,  өнер саласының түлектері жырдан шашу шашты.

Иә, Әлем және Азия чемпионы Елдос Сметов Рио-де Жанейро да өткен жазғы олимпиада ойындарында  өзінің мықты екендігін көрсетіп, күмістен алқа тақты.  Ал, бүгінгі кездесуде татамиге жиналған жас спортшыларға әдіс-тәсілді сын сәтте пайдаға асыра білу мен әрі оны шапшаң орындау, спортшыны жетістікке апартын бірден-бір жол екенін атап өтті.

Елдос Сметов, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері  

Қазір спортқа деген жастардың қызығушылығы өте жоғары. Мен мұны осындай кездесулерде жиі байқаймын. Бір жағынан қуанатын жағдай

Бүгінде бұқаралық спортты дамыту, еліміздің алға қойған басты межелерінің бірі. Міне, бүгінгі кездесуде, осы спортқа деген жастардың қызығушылығын арттыруға сеп болмақ.

Жамбыл Бекназаров, ТарМПИ-ның «дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі

Бүгін міне Елдос бауырымызды арнайы шақырып отырмыз. Өзінің тәжірибесін жас спортшыларға айтып, онымен бөлісеннің өзі оларды әрі қарай ынталандыра түседі.

Осылайша жас талапкерлер спортшыға келесі 2020 жылы Токио да өтетін байрақты бәсекеге сәттілік тілесе, институт ұжымы студенттердің өз қолымен салған олимпиада жүлдегерінің суретін табыс етті.

 

Нұрдос Сембеков, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40