ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАР

18:49, 13 тамыз 2019

Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні.  Атаулы күнде   спортты дамыту мен саладағы  жетістіктер барынша  насихатталады.  Осы орайда  облыстық  көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасында мүмкіндігі шектеулі спортшылармен кездесу жиын ұйымдастырылды.

Өңірдегі мүмкіндігі шектеулі танымал спортшылардың қол жеткізген  жетістіктерін  зағип оқырмандараға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара дәстүрлі түрде биыл да өз жалғасын тапты. Паратаншылар бойынша ҚР-ның 6 дүркін чемпионы, Рим қаласында өткен 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Наргиза Ахметова және таэеквондадан екі дүркін әлем және Азия чемпионы,  Нышан Өмірәлі  өздерінің табыстары мен жеңісі жайында  әңгімеледі.

Нышан Өмірәлі Талас ауданында туған.  Бір қолының дұрыс жетілмеуі -  жалынды жастың спортпен шұғылдануына шектеу бола алмады. Бүгінгі күні шыдамдылығы мен табандылығының арқасында әлем мойындаған айбынды спортшылардың қатарында есімі аталып жүр. Талай белесті бағындырған спортшы бүгінде  алда өтетін  жарыстарға дайындықты бастап та кеткен.

НЫШАН ӨМІРӘЛІ-АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Бұл іс-шараның  «Өмірге құштар жандар» деп аталуында да үлкен мән бар. Себебі көздері әлсіз көретін зағип жандар үшін мұндай кездесулер оларға рухани серпіліс беретіні анық, -дейді мамандар.  

НҰРЖАХАН КЕРІМБАЕВА-ЗАҒИП ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР ЖЕТЕКШІСІ

ҚАЛДЫБЕК СПАНОВ- ЗАҒИП

Спортшылардың өмірінен сыр шертетін  келелі кездесуден оқырмандардың да алары көп болды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

А.Сапибулла. Н.Құдяр. ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...