ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨМІРЛІК МАҢЫЗЫ БАР БЕС БАСТАМА

20:30, 17 қыркүйек 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы үндеуінің облыста жүзеге асуы қай деңгейде? Бес басым бағыт бойынша өңірде атарылып жатқан жұмыстар көңіл көңшіте ме? Осы мәселелер бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында қаралды.

Елбасы ұсынған бес әлеуметтік бастаманың өмірлік маңызы зор. Ол бірінші кезекте халықты тұрғын-үймен қамту, студенттерге жатақхана салу мен шағын және орта бизнесті дамыту. Осы мәселелерге қатысты сөз алған облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы xалықтың тұрғын үймен қамтылуын, "7-20-25" бағдарламасының орындалуы жөнінде айтты. Оның сөзіне сенсек, қазір бізде арендалық тұрғын үй алуға 23 мыңнан астам адам кезекте тұр екен. Олар xалықтың әлеуметтік осал тобы, бюджеттік сала қызметкерлері, қамқорлықсыз қалған балалар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Нұрбол ҚАЛЫБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Алайда, басқарма қызметкерінің жауабына көңілі толмаған облыс әкімі биыл пайдалануға берілетін 10- үйдің нақты кімге үлестірілетіндігі, мемлекеттік бағдарламаға қатысатын адамдардың әлеуетін анықтау керектігін айтты. Сонымен қатар, 7-20-25 бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын арттыру керектігі де тапсырылды. Өйткені, ол халыққа түсінікті әрі қарапайым тілде жеткізілуі керек. Бұл тұрғыда Тараз қаласында орналасқан екінші деңгейлі банктер де бірлесіп жұмыс атқаруы керек деді өңір басшысы.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ (Шын мәнісінде пәтерді сатып алатын адамдардың саны қандай? Соны біз біле алмай отырмыз. Айталық, екі немесе үш мың адам. Қазір бағдарламаның жеңілдетілгеніне байланысты қанша адам үй алуға ниет білдіріп отыр. Оның нақты саны қанша. Сосын барып біз айта аламыз. Ол бір, екіншіден ол пәтер қанша тұрады. Сосын оның қаржысы анықталады. Алдымен осыны анықтау керек. Үйдің бәрін салып тастағаннан кейін оны алатындар кімдер. Менің түсінігімде біз бірінші осыны талдауымыз керек)

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттердің жатақханамен қамтылу жайы сөз болды. Бүгінгі таңда облыста 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақхана бар. Ал жатақханаға мұқтаж студент саны 1637. Осындай маңызды проблеманы шешу бойынша қазір жер телімдері бөлініп, тиісті сұрақтары назарға алынған. Жиын соңында шағын несие беруді көбейту мәселесі жөнінде де кеңінен айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар