ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ЖАМБЫЛ АТА ШӨБЕРЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

14:59, 10 шілде 2019

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  Жамбыл Жабаевтің тікелей ұрпағы  Мұратхан Жамбыловты қабылдады. Кездесуде  облыс орталығы Тараз қаласындағы баба ескерткішінің өз орнын тауып, тамаша жерге орналасқаны жайында айта келіп, баба шөбересі Облыс атауы берілген өңірдің тындырымды тірлігіне ризашылығын жеткізді.  

Осыған дейін Жамбыл ескерткіші төңерегіндегі даудың  нүктесін қоюға арнайы келген баба ұрпағы  кешеден бері Әулиеата жерін аралап көрген. «Жеңіс» саябағына барып, «Даңқ» залында аралап шыққан.  Барлығын көзімен көрген Мұратхан Жамбылов ескі ескерткіштің айналасындағы даудың еш қисынсыз екенін, тікелей ұрпағы ретінде қарсылығы жоғын атап өтті. 

Мұратхан ЖАМБЫЛОВ  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ  /Кеше жылап жібердім, сіздердің еңбектеріңізге сондай ризамын........../

Өз кезегінде Облыс әкімі Асқар Мырзахметов көк базар маңынан алынған Жамбыл ескерткішінің жарамсыздығына байланысты, жаңасын жасатқандығын айтты. Көн ескерткіштің  жөндеу жұмыстары аяқталған соң тиісті орынға қою жоспарда бар.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /Ескерткіштің жағдайы жақсы болса оны ауыстырып неміз бар? Б.Момұшұлының ескерткіші жақсы болды оны апарып қойдық. Сол сияқты бабамыз Жамбыл Жабаевтың орны біріншіден онша келіңкіремейді......../

Мұратхан ЖАМБЫЛОВ  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ  /Менің айтатыным бірақ сөз. Біткен іске сыншы көп. Біреу ары дейді, біреу бері дейді. Жасалынбай жатса ешкім ештеңке демес еді......../

Жыр жауһары Жамбыл ақынның ескерткіші жайындағы дау осымен тоқтамақ.  Кездесу соңында Жамбыл ата шөбересі аймақ басшысына арнайы кітап тарту етті.

Райхан Шәлібекқызы, Өміртай Ыбырай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар