ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӨҢІР ДАМУЫ – ОРТАҚ ИГІЛІК!

21:15, 19 сәуір 2019

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Мақсат – ауыл-аймақты дамыту жөніндегі жұмыс жоспарының орындалуымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесу. Құрылыс нысандарының жағдайын бақылау.  Ауданға барып қайтқан Айбол Қараш тарқатады.

Байзақ ауданында   Талас және Қостөбе ауылдарында орналасқан білім нысандары қазір күрделі жөндеуді қажет етеді. Себебі, олар 1970 жылдары салынып, сол кезден бері ешқандай жөндеу жұмыстарын көрмеген. Тіпті, Қостөбедегі орта мектепте спорт залы да жоқ. Білім мекемелеріне бас сұққан Еркебұлан Дауылбаев екі нысанды да аралап көріп, құрылысты сапалы жүргізу үшін қандай тетіктерді қолдану керектігін де түсіндіріп берді. Жалпы, бүгінде Байзақта жөндеуден өтпеген 5 орта мектеп қалған.

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  Іс- сапар барысында Еркебұлан Дауылбаев Сарыкемер ауылындағы дәрігерлік нысанның жұмысымен танысты. Халыққа ем-дом көрсететін бұл орталық жақын күндері жөндеуді қажет етіп тұр. Ал, Ақшолақ ауылында салынып жатқан 120 – орындық орта мектеп биыл бітуі тиіс. Сметалық құны 625 млн.теңге болатын құрылыстағы бірқатар кем-кетіктерді тізген облыс басшысының орынбасары мектеп маңына тал-дарақтарды отырғызу  жұмыстарын ерте көктемнен бастауды ұсынды. Одан кейін Еркебұлан Дауылбаев аудан активімен кездесті. Онда негізгі бес сала бойынша жауаптылар жиналды. Жиында көтерілген негізгі мәселе медицина нысандарын интернетпен қамту, жас мамандарға тиісті көмек көрсету. Мәселен: Байзақ ауданына былтыр 8- жас дәрігер маманы келсе, оларға тиісті көмек толық қанды берілмеген.

Дәуір ДӘУЛЕТОВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс әкімінің орынбасары түстен кейін де бірқатар нысандарды аралады. Ол Сарыкемер ауылындағы қайта жөндеуден өтіп жатқан автобекет пен көпбалалы аналарға берілетін үйдің жағдайын көрді. Биыл Байзақ ауданында кезекте тұрған көпбалалы аналарға 4- үй тапсыру көзделіп отыр. Жұмыс сапарын қорытындылай келе аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізген Еркебұлан Дауылбаев жұртшылықтың көкейінде жүрген бірқатар сауалдарға да жауап берді.

Шапай ТАҢАТАРОВ БӘЙТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жеке қабылдаудан кейін аудан халқымен жүздесу өтіп, онда тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар туындады. Ол денсаулық сақтау, жол, ауыз су мен өзге де маңызды салаларға қатысты. 

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осылайша, Байзақ ауданына жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары аудан басшысы мен өзге де жауапты мамандарға көтерілген мәселелердің шешімін қарау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Айбол ҚАРАШ. Ө. ЫБЫРАЙ  «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар