ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІР ТЫНЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

20:03, 12 сәуір 2019

«Нұротандықтар» жүзеге асырып жатқан жалпыұлттық «Құтты мекен», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек» партиялық жобалары елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрғындардың тірлігін тіктеуге бағытталған. Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген «НұрОтан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова осылай деді. Ол Жамбыл облысының партиялық активімен кездесіп, бірқатар аудандарды аралады.

Тамара Дүйсенова алдымен Нұротан партиясы облыстық филиалының ғимаратында бірқатар кездесулер өткізді. Онда көтерілген негізгі мәселелердің бірі аталған төрт жобаны елге дұрыс түсіндіру жұмыстары. Сонымен қатар, алдағы саяси науқанға жұртшылықты белсенді ат салысуға шақыру.

Тамара ДҮЙСЕНОВА «НҰРОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Жамбыл облысындағы партия белсенділерімен кездесуден кейін Айша бибі ауылына ат басын бұрған Тамара Дүйсенова алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың сауалдарына тікелей жауап берді. Ол партия әрқашан халықтың талап-тілектері мен өтініштерін назардан тыс қалдырмайды деді. Осы тұста «Халыққа көмек» жобасы туралы да толық қанды түсіндірілді. Одан кейін «Айша бибі» мовзелейін аралап көрген партия хатшысы Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында да болып, партия белсенділерімен, бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Жамбыл ауданына жұмыс сапары соңында аудандық емхананға бас сұққан Тамара Дүйсенова еліміздің медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.  

Самал БАЙКЕЕВА ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жамбыл ауданына жұмыс сапарынан кейін «НұрОтан» партиясының хатшысы Байзақ ауданының Қызыл Жұлдыз ауылының да тұрғындарымен кездесті.

Айбол ҚАРАШ, Н. ҚҰДИЯР «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар