ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 63 000 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІП НЫСАНЫ БАР

21:04, 12 ақпан 2019

Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 63 мыңнан асты. Ал, аймақтағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына өткен жылы 240-тан астам арыз-шағымдар түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Аймақта 2018-ші жылы кәсіпкерлік саласында жұмысқа қамтылғандардың саны 5,9 процентке артып, 127 мыңнан асқан. Жыл санап өңірде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Дегенмен, кәсіпкерлерден келіп түсетін арыз-шағымдар да айтарлықтай өскен. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп. 250-ге жуық өтініштің 97-сі бизнес өкілдерінің пайдасына шеілген. Сондай-ақ, «Атамекен» палатасының «Бастау бизнес» жобасы бойынша өткен жылы аймақта 1745 адам оқытылған. Ал, олардың 667-сі өз бизнестерін ашу үшін тиісті деңгейде несие алыпты. Бұл жобаларды алдағы уақытта одан ары дамыту үшін қазіргі уақытта кешенді жоспарлар бар деген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облыстық филиалының директоры Мәріпбек Шәкербек басқа да жетістіктерге тоқталды.

Мәріпбек Шәкербек / «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облыстық филиалының директоры

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН,  БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙІ ЕНГІЗІЛЕДІ
20:36, 22 сәуір 2019
АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН, БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
21:22, 18 сәуір 2019
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
Толығырақ...