Өңірдегі құрылыс қарқыны қандай?

20:03, 6 желтоқсан 2017

2017 жылы Жамбыл облысындағы құрылыс саласына 25 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінген. Игерілді ме жоқ па? Қанша нысан бой көтерді? Салынған жолдар мен көшелер саны неше? Осы және өзге де мәселелер облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Берілген мәліметке сәйкес облысымыздағы құрылыс жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен – 7 млрд-тан астам қаражат (7,07 млрд теңге) бөлінген. Ал, облыстық бюджеттен 11,30 млрд теңге, Ұлттық қор есебінен – 5,48 млрд теңге және Ішкі қарыздар есебінен 1,37 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаражат есебінен 107 нысан құрылысын жүргізу сонымен қатар 95 жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазір аймақта «Нұрлы Жол» сондай-ақ «Нұрлы Жер» бағдарламалары бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Ал облыстағы жалпы пайдалынымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі бүгінде 10 060 шақырымды құрайды. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар жолдар – 1237 шақырым; Облыстық маңызы бар  жолдар – 1943 шақырым; Аудандық маңызы бар – 1992; Елді-мекендер көшелерінің желісі – 4888 шақырымды құрайды. Аталмыш жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға барлық бюджет көздерінен 43,3 млрд. теңге бөлінген.

Жиында басқарма басшысы жолаушылар көлігі саласы бойынша да ақпарат беріп өтті. Облыста 1 автовокзал және 8 автостанция бар. Оның 1 автовокзал мен 4 автостанция Тараз қаласында қалған 4-уі басқа аудандарда орналасқан. Қазір, Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес халықты қоғамдық көлік қатынасымен 100 пайыз қамтуды көздеп отыр.

Алмат Садуақас, Риналь Рахматуллин, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар