ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

20:10, 17 шілде 2019

Мәслихат сессиясында халық қалаулылары қадау – қадау пікір айтып, ой  қозғады. Өңір тынысындағы өзекті мәселелер таразыланып, салмақты ұсыныстар сараланды.

Мәселені қозғай білген депутаттар ауқымды жұмыс атқарылып, аймақ дамуында оң өзгерістер бар екенін де  атап өтті. Сессияда айтылған сан тарау әңгіменің бір парасы келесі бейнесюжетте.

Рас, соңғы жылдары өңір дамуында өркендеу бар. Тараз түледі.  Сәулеттік композицияларда үйлесім деген мәселе қолға алынды.  «Театрдың қарауылы» - деп сынға  ұшыраған батыр Бауыржан ескерткіші өз орынын тапты. Саябақтар жаңғырды, гүлзарлар көркейді. Ал, жаңадан орнатылған  Жамбыл бейнесі – кейбір белсенділердің таусылмас жырына айналды. Жаңаны жатырқап, ескіні есіркегендер бұл әңгімені сарысудан сары май  шайқардай қозғай берді. Тақырыпқа тоқтам болар кез жеткені де  талай мәрте айтылды.

Асаубай  МАЙЛЫБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аймақта қазір құрылыс қызу жүруде. Салынған үй, жөнделген жол, жаңғырған құбыр  әлбетте, жақсы. Бірақ, млрд-тарды қалтасына басатын мердігерлердің салғырттығы халықтың да, халық қалауларының да  көкейінде жүргені анық.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ /15 мкр құрылыс сапасы ..

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Созылған жұмыс, алты ай жаз жалғасатын  құрылыс, шаңқыған көше, қазылған жол- бір жағынан мезі етері анық.  Аймақ басшысы бұл мәселеден хабардар  екенін, жүйелеу қолға алынғанын атап өтті. Мәселенің бір шеті мердігерде көрінеді. Жұмыртқадан жүн қырыққысы келетін кәсіпкерлер  келісім шарттағы  жұмсақ тұстарды пайдалануға тырысады. Енді бұл мәселе кешенді шешілмек.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Аймақ басшысына сауал жолдап, жауабын алған депутаттар  өңір дамуында оң динамика барын да  атап өтті.  мәселен, көне Тараздың сәулеті мен келбетін һәм дәулетін яғни, экономикасын дамытуда кешенді жұмыс атқарылды.

Мейрамбек Төлеперген  облыстық мәслихат депутаты

Асаубай Майлыбаев  облыстық мәслихат депутаты /раһмет айтад/

Оптимизация, яғни қазына қаржысын үнемдей отырып, дамуға екпін беру.  Агросаладағы жаңа бетбұрыстар, қарапайым заттар экономикасы. Биліктің ашықтығы, халықпен етене – жақын, емен жарқын жүздесе отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу. Бұл өңір өркендеуі жолындағы басым бағыттар болып қала бермек.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...