ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ

20:30, 8 қараша 2018

Келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23 мыңнан астам жамбылдықтың төменгі жалақысы өспек. Бұл туралы бүгін  өңір басшысы Асқар Мырзахметов, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін жариялау барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, Жамбыл облысында Мемлекет басшысының алты басым бағыты бойынша жұмыстардың тыңғылықты орындалып жатқанын жеткізді.Жалақы көтеру туралы Президенттің үндеуін жамбылдық жеке меншік  иелері қуаттап отыр. Жаңа жылдан бастап өңірдегі ірілі-ұсақты кәсіпорындардың көпшілігінде еңбекақы еселей өседі.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облысымызда 95-ке  жуық ірі және орта кәсіпорындар бар. Соның ішіндегі кәсіпорындар бүгінде келіссөздің алғашқы нәтижесі ретінде 9 мың қызметкердің еңбекақысы келер жылы көтерілгелі отыр. Бұл жерде тек 42 мыңға дейін емес, 42 мың теңгеден жоғары көтерілетін болады. 01:02

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 30%-ға өскен. Жағымды үрдіс келер жылы жалғасын таппақ. Бұдан бөлек, өңірде шағын және орта бизнесті несиелеу көлемі де артады. Биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңгеге бөлінсе, келер жылы бұл қаржының көлемі 8 млрд-қа дейін жетпек.

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазір облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд АҚШ доллары болатын 13 жоба іске асырылуда. Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортталды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көбейіп оытр. 03:24

Жолдауға сай, өңірде медициналық көмектің қолжетімділі артпақ. «7-20-25» бағдарламасымен халықты үймен қамту да биліктің басты назарында.  Бұдан бөлек, жол, инфроқұрылым мәселесі де шешілмек. Әзірге, әкімнің есебіне сай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы көңіл қуантарлық. А.Т, Жасұлан Жақсай ҚҰТА

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...