ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

14:53, 15 мамыр 2019

Халықты жұмыспен қамту мәселесіне жаңа тәсіл енгізу, жер телімдерін электронды жолмен жалға беру және салалық сарапшыларды тарта отырып, жергілікті деңгейде аграрлық біліктілік орталығын құру. Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен өткен өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлер тарапынан осындай үш ұсыныс айтылды. Бұл ұсыныстардың өңірге беретін пайдасы мен тиімділігі қандай? Алдағы бейнесюжеттен көріңіз.

Сонымен, Маңғыстау облысының тәжірибесіне сүйене отырып, өңірде «Жаңа серпін» бағдарламасы құрылса - дейді кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Бұл осыған дейінгі халықты жұмыспен қамту бағдарламасының  кемшін тұстарын толықтырады деп есептейді олар.

Айгүл АҚШАЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ /«Жаңа серпін» арқылы біз, яғни жұмыс берушілер әуелі азаматтармен сұхбат жүргіземіз, содан соң, олардың лайықтысын іріктеп алып, оқытамыз. Өндірістік тәжірибеден өткендерін орта және ірі мекемелерге жолдамамен жібереміз. Яғни бұл жерде 100 пайыз жұмыспен қамтылуына кепілдік бере аламыз/

«Жер кодексінде» жер учаскелерін жалға алу үшін конкурстар, аукциондар арқылы алуға болатыны және талаптары көрсетілген. 2018 жылы Заңға өзгерістер енгізіліп, осы байқаулар 2021 жылдан бастап электронды түрде ұйымдастырылмақ. Қазір Батыс Қазақстан облысы бұл форматқа түбегейлі көшкен көрінеді. Және тиімділгі де айқын сезілуде екен. Оны 2021 жылды күтпей-ақ, Жамбыл облысына да енгізу қажет – дейді палата өкілдері.  

Антонина АН, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ / Бұған әуелі портал қажет. Мемлекеттік меншік жөніндегі портал да дайын. Ол үшін қосымша қаражат талап етілмейді. Оның үстіне «Оқу орталығы» акционерлік қоғамы барлық міндеттерді өз жауапкершілігіне алса, тіптен мәселе болмайды. Ең тиімді тұсы – мұнда ашықтық қамтамасыз етіліп,  жемқорлықтың алдын алу үшін қолайлы болғалы тұр/

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /Батыс Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйеніп көріңіздер, қазір ол бойынша «Тараз Һаб» орталығы жұмыс жасап жатыр. Егер бәрі оңтайлы болса, осы форматқа көшуге болады. Ал егер кейбір тұсын жетілдіру қажет болса, оны тездету керек. Біз бірінші сатылымды қай кезде жүргізе аламыз?/

Бақтияр КӨПБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Батыс Қазақстан облысы мұны Зем.кз сайты арқылы жүргізіп отыр. Біз онымен жіті танысып шықтық. Бас кеңсеге хат жолдаймыз, олар мақұлдаса, мамыр айының соңына дейін алғашқы электронды сатылымды жасай аламыз/

Аймақта 662 гектардан астам жерге дәнді-дақылдар себілген. Оның 50 пайыздан астамының тиімділігі өте төмен дақылдар көрінеді. Өңірде аграрлық біліктілік орталығын ашу осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға сеп болмақ. Палата өкілдері осындай тұжырымға келіп отыр.

Фарида ЖҮНІСОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /Сіз айтқан нәрсеге мен қосылам. Сүйемелдеу керек. Тиісті мамандармен, тиісті құрылыммен сүйемелдеп отыруға мен келісем. Көзге көрініп тұрған мәселе болғаннан кейін, оның ақшасы. Қазір айтып отыр: 50/50 деп. Ә деген кездегі құны 100 млн. құрайды. Сонда 50 млн. акимат, 50 млн,ды атамекен төлеуге дайын. Солай ғой? Біз де дайынбыз/

Бұл ұсыныстарды облыс әкімінің өзі де қуаттап отыр. Ендігі басты міндет – бұл шаруаларды ширата түсу керек. Сондай-ақ, олардың сәтті жүзеге асырылуы қатаң қадағалауда болуы шарт.

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, Марат Таубаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар