ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОНОМАСТИКА: ҰЛТТЫҚ ТАНЫМҒА БЕТБҰРЫС

19:42, 4 шілде 2019

Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы  аясында «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талас ауданында «Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс»  атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинке ауылдық округтар мен ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының, халыққа қызмет көрсету, медицина және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Жиында жаңа атаулар дайындауда оның әдеби тіл нормасына сәйкестігі, жергілікті жердің тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, бір әкімшілік аумақта, елді-мекендерде, құрамдас бөліктерінде бір атаудың қайталанбау ерекшеліктері  ескерілді.

Байұзақ КӨЛБАЙҰЛЫ  - ТАЛАС АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жалпы шараның мақсаты - ономастика саласында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді-мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне , яғни көшеге атау беру және оларды қайта атау барысында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жүргізуді үйрету.

Тәкен МОЛДАҚЫНОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Басқосу соңында қатысушылар тақырыпқа сай ой-пікірлерін ортаға салып, қонақтарға көкейіндегі сауалдарын жолдады.

К.Шәмші, Руслан Сандыбай ЖҚ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар