ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ОНОМАСТИКА: ҰЛТТЫҚ ТАНЫМҒА БЕТБҰРЫС

16:21, 5 шілде 2019

Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында «Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс»  атты семинар-тренинг өтті.  Тағылымы мол басқосуға ауылдық округтар мен ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының, халыққа қызмет көрсету, медицина және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Жиында жергілікті тұрғындар арасында идеологиялық тұрғыдан көнерген атауларды өзгерту жайы сөз етілді.Қатысушылар ономастикалық терминдердің нақты ұғымын түсіндіріп, осы салаға қатысты ұсыныстарды айтып, пікір алмасты. Сондай-ақ,байырғы тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру керектігін атап өтті.

Сағындық ТОҚБЕРГЕНОВ – ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

/Қазір көптеген бұрыннан да атқарып жатырмыз.Көптеген орысша атауларды қазақшаға аудардық.Қазір өзіміз жиында ойда жүрген түйіткілді мәселелерді көтеріп, айттық.Міне, осындай жұмыстар жиі жүргізіліп отырса, бізге дұрыс болар еді.Бұл кейінгі жастарға да, аудан тұрғындарына да дұрыс./

Жалпы шараның мақсаты - ономастика саласында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мәселен, өңірдегі нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді-мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне , яғни көшеге атау беру және оларды қайта атау барысында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жүргізуді үйрету.

Елерке ТӨРЕХАН -  ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІНІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ

/Бүгінгі таңда бізде 2017 жылы Президент әкімшілігі тарапынан келіп түскен тапсырмаға сәйкес барлық жергілікті атқарушы органдарда, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.Ол жердегі тапсырмада, яғни, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды, тарихи жер,су атауларымен сонымен қатар, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту.Тиісінше, кісі есімдеріне шектеу мәселесі қойылған.Бүгінгі таңда аталған тапсырма бойынша Жамбыл облысы әкмдігі тарапынан бірқатар атаулар өзгертіліп,бірнеше ұлы тұлғаларымыздың есімдері елді-мекендермен, көшелерге, білім, мәдениет мекемелеріне береліп жатыр./

Семинар соңында қатысушылар тақырыпқа сай ой-пікірлерін ортаға салып, қонақтарға көкейіндегі сауалдарын жолдады. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады.

К.Шәмші, Руслан Сандыбай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар