ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ОНОМАСТИКА: ҰЛТТЫҚ ТАНЫМҒА БЕТБҰРЫС

20:12, 9 шілде 2019

Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс» атты  семинар-тренинг Тұрар Рысқұлов ауданыында өтті. Жиынға ауылдық округтар мен ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының, халыққа қызмет көрсету, медицина және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Тағылымы мол басқосуда жаңа атаулар дайындауда оның әдеби тіл нормасына сәйкестігі, жергілікті жердің тарихи, географиялық және мәдени ерекшеліктері айтылды. Қатысушылар ономастикалық терминдердің нақты ұғымын түсіндіріп, осы салаға қатысты ұсыныстарды айтып, пікір алмасты.
Жандос ҮМБЕТАЛЫ – ҚҰЛАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Шараның мақсаты - ономастика саласында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Елді-мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне , яғни көшеге атау беру және оларды қайта атау барысында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жүргізуді үйрету.

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ - ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Семинар соңында қатысушыларға түсіндірме қағаздары таратылып, кері байланыс ретінде сауалнамалар алынды. Тақырыпқа сай ой-пікірлерін ортаға салып, сауалдарына жауап алды.

К.Шәмші, Руслан Сандыбай  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар