Өркен жайған өңірде өміршең істер көп

22:00, 11 шілде 2017   196

Еліміздің "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасының алғашқы бесжылдығында Жамбыл облысында жалпы құны 123 млрд теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бес мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл бағыттағы игілікті істер әлі де жалғасын табады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова алдағы атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Ал екінші бесжылдықта яғни 2015-2019 жылдар аралығында аталмыш бағдарлама аясында 512 млрд.теңгеге тағы 33 жобаны іске асыру жосапрланып отыр. Нәтижесінде 5392 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Былтыр аймақта жалпы құны 20,5 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске қосылды. Атап айтқанда, Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал тағамдары», гипс және гипсокартон өндіретін  «ҚазУпакТрейд » серіктестіктері,Меркі ауданындағы «Шырын тазартатын цехты қайта жаңғырту», Т. Рысқұлов ауданындағы «Құрама жем өндіретін зауыт», Шу ауданында «Мия тамырын өңдейтін зауыт» және тағы басқалары жұмыс жасауда. Ал ағымдағы жылы 12 инвестжоба іске қосылады. Оның төртеуі алғашқы жартыжылдықта іске қосылып, тұрақты 303 жұмыс орны ашылды.

 

Аягөз Тілеуханқызы «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40