ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЛАЙ ОҢАЛАДЫ?

20:30, 16 сәуір 2018

Өңірдің орман шаруашылығында шешімін күткен мәселе шаш етектен. Экологиялық мәні зор  сексеуіл алқаптары жыл санап азайып барады? Ал тұқым шаруашылығында бей берекет әрекет орын алған.  Қордаланған сұрақ көп. Салмақты мәселе  Облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде жан жақты талқыға түсті. Тоқсан ауыз әңгіменің бір түйіні аталған салада жұмыс жүйесіз сияқты көрінді. Алқалы жиыннан Қымбат Қаржауқызы тарқатады  

Жамбыл облысында  2,3 млн. гектар орман қоры бар.  Оның 1,1 млн гектары сексеуіл алқаптары, қалған бөлігі түрлі ағаштарды құрайды. Сексеуіл алқаптары неге аз? Нақты көлемі осы ма, әлде жай қағазға қатталған жаттанды цифр ма? Оны зерделеу жұмыстарымен кім айналысады?  Облыс әкімінің бұл сауалына жауап берген мамандар орман алқаптарын жаяу жүріп, санақ жүргіздік дегенді айтады.  

Мақсат ЗӘУІРБЕКОВ  ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

2017 жылы мамырдың 15-нен бастап қыркүйек айының 15-не дейін далалық орман жұмыстарын жүргіздік. Орман қоры жерінде жаяу жүріп, әр жерде өздерінің жұмыстарын анықтап, орманы бар, жоқ жерлерді, құм жерлерді анықтап, жаяу жүріп өтті. Оны біз және инспекциядан мамандар барып, қадағалап отырдық/

Мәселенің түйіні  – тұқым егу, себу, жинау жұмыстарында болып тұр. Биыл небәрі 30 га жерге ұрық  себіліп, оған 20 млн. ға жуық қаржы қарастырылған. Алайда, өңірде тұқым шаруашылығымен айналысатын арнайы мекеме жоқ. Сондықтан,  бұл жұмыс конкурс арқылы жүзеге асқан. Соның салдарынан, бұған дейін тұқым жинау кезінде қанша адам, қанша техника жұмылдырылғаны туралы басқармада нақты  мәлімет жоқ болып шықты.

Мақсат ЗӘУІРБЕКОВ  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Арнайы бізде ондай тұқым жинайтын мекеме жоқ орман шаруашылығы мекемелерінің базасында. Бізге берілген тұқымды біз конкурсқа саламыз да, конкурстың нәтижесінде кім жеңіп алады, сол азаматтар тұқым әкеледі. Себебі, орман шаруашылығы мекемелері тек қана қору, күзету жұмыстарымен айналысады

Басқарма басшысы Нұржан Нұржігітов, алдағы уақытта орман қорының егу, себу жұмыстарын 10000 гектарға жеткізу үшін қосымша қаражат қажеттігін алға тартты. Яғни уақытша тұқымбақтарға 106 млн. теңге керек. Облыс басшысы  бюджетке ауыз аша бермей, қосымша табыс табу немесе қаржы үнемдеу тәсілдерін қарастыруды міндеттеді. Алқалы жиында  балық және аңшылық шаруашылықтары да сараланды. Облыс аумағында 101 балық шаруашылығы су айдындары тіркелгенмен, оның 20-30 да ғана табиғи балық бар. Соңғы жылдары балық аулау ісінің кең етек алуы балықты өсіру, дамыту жұмыстарының тұралауына сеп болып отыр. Жиында сондай-ақ, орман қоры жерінде орын алатын өрттердің алдын алу мәселелері де талқыланып, материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жайы айтылды. Аймақтың табиғат байлықтарын қорғау, күтіп-ұстау жұмыстары жүйеленбеген. Сондықтан облыс әкімі Асқар Мырзахметов жауапты тұлғаларға аталған бағытта жаңа жоспар түзіп, талапқа сәйкес нәтижелі жұмыс атқару керектігін ескертті.

Қымбат Қаржауқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...