Отанымыздың басты құжаты кемеледене түсті

22:30, 13 наурыз 2017   324

Елбасы «Қазақстан Республикасының Ата Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, еліміздің жаңа экономикалық – әлеуметтік жаңғыруының іргетасын қалады. Жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтіп, Үндеу қабылданды. Осыған байланысты Жамбыл облыстық коалициясы да бүгін арнайы жиын өткізіп, әулиеаталық зиялы қауым және аға буын өкілдері Үндеуге қолдау білдірді.

Бұған дейін облыста Заңға өзгертулер енгізу бойынша хталқылау жұмыстары жүргізілгені белгілі. Көптеген кездесулер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі пікірлер де берілді. Конституциялық реформаға байланысты өткізілген шараларда 70 тен астам ұсыныс түсіп, партияның орталық аппаратына 12 сі жолданған. Жиынға қатысқан түрлі саланың өкілдері Заңға енгізілген өзгерістерді толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.

Сейсегүл Әбдісаттарова, «Ақ жол» демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Демократиялық күштердің коалициясының қабылдаған Үндеуін «Ақжол» партиясы да қолдайды. Осы Елбасының жаңадан берген мүмкіндіктерін пайдаланып, демократиялық күштердің қозғалысын күшейтіп, жақсы жұмыс істеуге, халыққа қызмет істеуге ұмтылу керек деп ойлаймын

Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

Президенттің Конституцияға енгізіп отырған өзгерістерін облыстың іскер әйелдері, жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері мен бизнес өкілдері қолдайды. Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толған тұсында Үкіметке жүктелген жауапкершілік, Парламентке берілген қосымша өкілеттіктерді құптарлық бастама деп есептеймін. Өйткені, бұл Елбасы тарапынан жасалған дана саяси қадам/

Жаңа конституциялық реформаны жүзеге асыруда бүгінгі коалиция отырысының қоғамды біріктірудегі рөлі зор. Және жаңартылған Ата Заңымыз бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің одан да тиімді әрі үйлесімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік туғызады. Өйткені, отанымыздың басты құжаты кемелдене түсті. Сондықтан Коалиция отырысының төрағасы жиналғандарды ортақ іске бір кісідей жұмылуға шақырды.

Мұратхан Шүкеев, «Нұр Отан»партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бүкілхалықтық талқылау негізінде қабылданған жаңартылған Ата Заңымызды бірлік пен келісім Конституциясы деп атауымыз керек. Бүгін осы тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз бізге үлкен сенім артып отыр. Сондықтан, біз бар күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек/

Ия, расында сенім бар жерде жауапкершілік бар. Сол жауапкершіліктің артында халықтың игілігіне қызмет ету міндеті тұр.

 

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40