ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

ОТБАСЫЛАРДЫ КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ ЖОБАСЫ

18:57, 11 ақпан 2019

Ажырасуға бел буған 5 баланың ата – анасы сот алдында заңды некесі қиылып, құжаты жоқ 2 баласының да туу туралы куәлігі табысталды. Бұл игі шара облыстық  Ювеналдық сотының кешенді шаралары нәтижесінде жүзеге асып отыр.   Мекеме қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарта отырып отбасыларға қолдаукөрсетумен жүйелі түрде айналыспақ.

Өмірлік мазмұнды  рәсім   Жамбыл облыстық Ювеналдық соты алаңында өтті.  Бұған себеп, жыл басында қолға алынған «Отбасы және мектеп» пилоттық жобасы. Бұл жұп қалалық  №10 орта мектебінің ата –анасы.Қиын жағдайға тап болған отбасы балаларын демеп, жан – жақты қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстардың нәтижесі.

Ербол Дүйсенбаев – Жамбыл облыстық кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

 Комиссия құрамы аз уақыт ішінде 140 – тан астам баланы ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, құжаттарын түгендеп, әр түрлі көмек қолын созған. Күн көріс деңгейі  төмен деп анықталған жанұялардың дені жалғыз басты аналар. Тұрақты жұмысы жоқ, кемінде 4 – 5 баладан тәрбиелеп отыр. Сондықтан нақты жұмыс уақыты белгіленген кәсіпорындармен келісім шарт жасап, жұмыспен қамтылмақ. Ал, баспанасы жоқ ата – ананың баласы интернатқа орналасады.

Ербол Дүйсенбаев – Жамбыл облыстық кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Заңсыздыққа жол бермей, жұмысты жүйелендіру басты талап. Дегенмен жаман әдетке әуестенбеген, саналы азамат тәрбиелеу азаматтық борышымыз дейді, ұйымдастырушылар.

Н.Дәрменқызы Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...