ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ОТПЕН ОЙНАМА!

19:14, 9 қыркүйек 2019

 

 

 

Жыл басынан бері Жамбыл облысында  13 адам газдан уланып, оның үшеуі қаза тапқан . Олардың басым көпшілігі Тараз тұрғындары. Себеп: қарапайым ережелерді сақтамау. Жылыту маусымы жақындағанда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары елді мекендерді  аралауды бастады. Олар өрттен және газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жауапты мамандар осылайша, көше-көшені аралап, түсіндіру  жұмыстарын жүргізіп жүр. Өртпен күрес, маусым алдындағы дайындық жұмыстары, балаларды қараусыз қалдырмау сынды ескертпелер жазылған қағаз таратылуда.

Жыл сайын өткізілетін бұл іс – шара биыл «Құмшағал» массивінен бастау алды. Және ол бір айға жалғасып, Жамбыл облысының барлық елдімекенін қамтиды.

 Арман СМАЙЫЛОВ / ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ЗІЛЗАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІП – ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Айта кетейік, жалпы Жамбыл облысы бойынша, 8 айда 467 өрт фактісі тіркелген. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артық. Салдарынан 3 адам қаза болып, қалғанын түрлі дәрежеде күйік шалған. Өрттің басым көпшілігі тұрғын – үй секторы мен автокөлік құралдарында болған. Сондықтан, мамандар халықты барынша сақ болуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...